Д.Қонаев атындағы орта мектебі Қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығы 2022-23 оқу жылы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Д.Қонаев атындағы орта мектебі Қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығы 2022-23 оқу жылы
08
январь
2023

Д.Қонаев атындағы орта мектебі Қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығы 2022-23 оқу жылы

Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы мектептің бақылау мен басқару  туралы

 жоспарына сәйкес мектеп директорының   2022 жыл 

 желтоқсан    айының 2   жұлдызындағы № 95     бұйрығына сәйкес 

 Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің айлығы  өтті.




 Тақырыбы :   «Тарих толқынында » атты  тарих   айлығы

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, осы деңгейге жетудегі тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау.

 Тәуелсіздіктің 31 жылдығы. Тарихыңды танып біл және патриоттық  сананы  ынталандыратын ұлттық  құндылықтарды,жаңғырту.

Отанды сүюге  тарихын  білуге  жалпы адамзаттық  құндылықтарды сіңіру.

- Оқушыларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
 - Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
 - Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
 
 

 Осы айлық барысында тарих пәндерінің мұғалімдері сабақтар өткізді  . Айлықтың алғашқы күні  ,мәжіліс залында  мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен ашылу салтанатты болды. Салтанатты жиын тарих  пән ібірлестігі мұғалімдері  мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарламмаға ұласты  . Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта тарих және құқық пәндерінің  мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс –шаралар өткізілді . 


Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінде :8 мұғалім жұмыс атқарады. 1- мұғалім зертеуші біліктілік санаттты,4 -мұғалім  сарапшы біліктілік санатты, 2 мұғалім модератор  ,1 мұғалімбірінші санат. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінде жоспар бойынша 8 сабақ көрсетілді.                                                                                     


Тарих пәні мұғалімі :Нусупова Роза Аманжановна еңбек өтілі 32 жыл .Желтоқсан     айының  15 жұлдызында «Влияние Великого Шелкового пути зкономическое и культурное развитие Казахстана» атты тақырыпта 6   «Б» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғарғы деңгейде өткізілді.Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау және  оқуды бағалау және оқытуды бағалау болды.



Тарих пәні мұғалімі : Мыңжасарова Гулсин Алимханкызы  желтоқсан    айының 9 жұлдызында мектеп ұстаздарымен «Ғылыми жоба қалай дайындаймыз» атты коучинг 

өткізілді .Тарих пәні мұғалімі жас маман Қиғамбек Нұрбек  5 «А» сынып оқушыларымен  13 желтоқсанда   ««Алтын адам» археологиялық олжасы» атты ашық сабақ болды.Ашық сабақ жаңа әдіс-тәсілдер  арқылы өткізілді сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып отырды. 




Тарих пәні мұғалімі : Мамбетова Роза Алпысқызы  9 «в» сынып оқушыларымен желтоқсан айының 15  жұлдызында «Достижение  казахстанских ученых в 40-80 годы 20 века »  атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында әдіс тәсілдер кеңінен қолданылды.                                                                                                                


Тарих пәні мұғалімі : Камалова Ұ.Х   10 «Ә» сынып оқушыларымен  «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік  жіктелуінің ерекшеліктері» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ өз мақсатына жетті.Сабақ жоғары дәрежеде өткізілді. 




Тарих пәні мұғалімі : Мустапаева Г.А  7 «В» сынып оқушыларымен «Восстание казахов в 1836-1838 года в Букеевской орде» атты ашық сабақ өткізді,сабақ барысында жаңа әдіс –тәсілдер соның ішінде әр тапсырмада бағалау өте жүйелі түрде жүргізілді.



 Тарих пәні мұғалімі Нусупова Р.А ұйымдастыруымен   5 «Б»,  «В»    сынып оқушыларының арасында « Юный историк » атты жарыс сабақ өткізілді.


Сабақтың тәрбиелік мәні өте зор оқушылардың бойындағы  патриоттық сананы қалыптасдырудағы орны ерекше . 

Айлық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті.  Апталық соңында суреттер көрмесінің,  сыныптан тыс іс –шараларға   қатысқан оқушылар   айлық қорытындысы жасалып қатысушылар марапатталды.Тарих пәні мұғалімі :Қиғамбек Н.Т ұйымдастырумен 8-9 сынып оқушылары арасында   «Жаңа Қазақстандағы –жаңа мүмкіндік»   атты дебат өткізіді.Дебатта оқушылар қазіргі кездегі проблемалық тақырыптарды қозғап отырды. 





    Айлық барысында сыныптан тыс 8-9 сынып оқушылары арасында   Д.А.Қонаевтың -110 жылдығына» арналған конференция өткізілді. 

Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу. Ғасырда  емес,  ғасырларда  бір  туатын,  ел  құрметіне  бөленген   адамдар  болады.  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  сондай  адам.  Халқына сыйлы,  заманының  дара  туылған  перзенті. Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

Камалова Ұ.Х   ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларының арасында ««Алаш автономиясының  құрылғанына 105 жыл толуына орай дөңгелек үстел « Тәуелсіз ел –Алаштың ұрпағымыз»» атты  дөңгелек үстел өткізілді .Сабақ барысында  балалардың бойында ұлтжандылыққа , өз жерін еліне деген  патриоттық сенім жоғары болды.

Сартолова Д.М ұйымдастырумен   «Тәуелсіздік шежіресі» атты  сынып сағатын өткізді. Сынып сағаттың барысында балалардың бойында патритоттық сезім оята білді.

Тарих пәні мұғалімі : Джуаспаева Ажар Досанқызы 10 -11 сынып оқушыларымен құқықтық санадағы сыныптан тыс сынып сағаттын өткізді.



Ұсыныс : Тарих және құқық пәндер айлығында  жоғарғы деңгейде өткізілген сабақтарды жас мамандарға көрсетсін.Сыныптан тыс өткізілген іс –шараларды  мәжіліс залында өткізілсін.