Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің І жартыжылдық есебі
«Төле би атындағы орта мектебі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің
І жартыжылдық есебі
Бірлестік жетекшісі: А.С. Ибраева
Қонаев ауылы
2021-2022 оқу жылы
Бірлестік тақырыбы:
Қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқушының шығармашылық және танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру
Мақсаты:
Жеке тұлғаны жан жақты тәрбиелеу, озат әдіс тәсілдер озық ақпаратты оқыту үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың білім сапсын, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, біліктілігін арттыру.
Міндеттері:
1. Барлық типтегі сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету.
2. Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру, біліктіктерін көтеру.
3. Жас өспірімдердің шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың одан әрі дамуы мен қаблеттерін іске асыруына жағдай жасау
4. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын айқындау, жинақтау, тарату.
5. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу.
6.Озық ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін сабақ өту процесінде қолдану.
7.Ұжымда шығармашылық ахуал тудырып, мұғалімдерді ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне баулу;
Биылғы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс жасайды.
Бірлестіктің құрамында 17 мұғалім жұмыс атқарды , 3 мұғалім жоғары санатты, 1 мұғалім – бірінші санатты,
2- зертеуші педагог,3- педагог сарапшы, педагог модератор 2, 3 мұғалім –екінші санатты, 3 мұғалімнің санаты жоқ .
Жаңа оқу жылының басында барлық мұғалім күнтізбелік жоспарын құрып, бекітіп, сол бойынша жұмыс жасады.
Бірлестік отырыстары жоспар бойынша өтіп , хаттамасы жасалынды.
9, 11 сыныпар үшін қорытынды аттестаттау бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілді.
Дарынды және үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасауға бағытталған жоспарлар жасалынып, бірлестік мұғалімдері тарапынан жұмыстар жүргізілді.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінен келген Тіл мерекесі жоспары негізінде мектепішілік жоспар құрылып бекітілді.
Жоспар бойынша тіл мерекесі апталығы 6.09-10.09 аралығында өтті.
6-ші қыркүйек күні «Тіл – халық мұрасы»тақырыбында мерекенің ашылуы өтті, өткізілетін іс-шаралар жоспарымен танысыты. Балалар аудандық, мектепішілік байқауға қатысып, белсендік танытуға шақырылды.
8.09 күні « Тіл –достықтың алтын көпірі» тақырыбында өзге ұлттар арасында мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
I Навризова Арзу 6 «г» сынып
II Папаладзе Жадыра 8 «в» сынып, Аббасова Элиф 9 «Б» сынып
III орын Сулейманова Шуша 8 «В» сыныбының оқушылары иеленсе,
қалған оқушылар сайысқа белсене қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды
10-11 қазақ сыныптар мен мұғалімдердің қатысумен Оразкүл Асанғазымен кездесу ZOOM желісі арқылы өтті.
10.09 күні «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты» тақырыбында 9-11 қазақ сыныптар арасында жоғары деңгейде өтті.
Осы күні «Тіл –халық мұрасы» тақырыбында тіл мерекесінің жабылуы салтанаты түрде өтті.
Қырқүйек айында мұғалімдер мен оқушылар арасында «Тәуелсіздік-басты құндылығымыз » тақырыбында ашық диктант күні өткізілді.
Ұстаздар күнін арналған жоспар жасалынып, мектеп басшысымен бекітілді. Жоспар бойынша «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбында 6-7 сынып оқушылар арасында эссе байқауы өткізілді, байқауының басты мақсаты – педагог мәртебесін болашақ мамандар арасында артуына ықпал ету, білім алушының шығармашылық, зерттеушілік және ойлау қабілетін дамыту. Эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға 175 оқушы қатысты.Жалпы білім сапа:85% көрсетті.
10-11 сыныптар арасында «VІ Шерхан Мұртаза оқулары» аудандық байқауы өтізілді.
«Жұлдызы нұрлы суреткер» бағыты бағыты бойынша Дүйсенбай Мадина ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі:Құттыбекова А.Ө
««Зау тұлға»» бағыты бойынша аудандық кезеңнен Тұрғынбаева Сабина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі:Кемалова А
Бұл бағыт бойынша оқушылар жазушы шығармаларынан үзіндіні жатқа, мәнерлеп оқуы тиіс.
11 «Ә» сынып оқушысы Абенова Аяна «Рух пен намыстың төресі» бағыты бойынша аудандық кезеңнен аудандық кезеңінде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі:Кемалова А.
«Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында аудандық мәнерлеп оқу сайысы өтті.Ақмолдаева Жасмин ІІІ орынға ие болды.Жетекшісі:Джилкибаева Д.А
Қазан айында республикалық ғылыми жоба жұмысының аудандық кезеңіне 11 «А» сынып оқушысы Асқанбаева Аружан «А.Байтұрсынұлының тіл мұраты » тақырыбында өз ғылыми жұмысын қорғап жүлделі ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.Жетекшісі:МакашеваН.С
10 «А» сынып оқушысы Баужанова Милана «Қазақ халқының ырым-тиым сөздері» тақырыбында өз ғылыми жұмысын қорғап жүлделі ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.Жетекшісі:Арғынбаева Г.Б
Бірлестік жетекшісі: Ибраева А.С.