1 жартыжылдық есеп » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2020

1 жартыжылдық есеп

2019 -2020  оқу жылы
                 Төле  би    атындағы   шағын  орталықты орта   мектебі
        Бастауыш    сынып  бірлестігі
  «Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ» тақырыбында 1 қазан мен 25 қазан аралығында    бастауыш   сынып  бірлестігінің    айлығы өтті.   3 қазан күні 4 сыныптардың   ұйымдастыруымен  « Мәңгілік елдің  болашағымыз» тақырыбында    апталықтың ашылуы өтті. 
18  қазан  күні «Абай  оқулары»   мәнерлеп  оқу өтті. Мәнерлеп оқуға                3-4 сынып  оқушылары   қатысып  Абайдың  10-22 өлеңдерін  жатқа айтып, байқауға   қатысты. Байқау  қорытындысы    бойынша 4 «а» сынып оқушысы Алдасүгір  Әділет  бас  жүлдеге ие   болды.  4 «ә» сынып оқушысы                    Анарбек  Сұлужан   І орын,  4 «ә» сынып  оқушысы  Шаяхмет Әлдихан                 ІІ орын ,  ІІІ орын  Әділхан  Нұрсұлтан  ие болды.
25 қазан күні 1-2 сыныптардың ұйымдастыруымен «Ертегілер елінде» тақырыбынада  байқау өтті. Бұл байқауға әр сынып әртүрлі ертегілерден   саханалық қойылым қойды. 1 «а» сыныбы «Шалқан» ертегісі, 1 «ә» сыныбы « Мақта қыз бен мысық», 1 «б» сыныбы «Бауырсақ», 2 «а» сыныбы «Жыл басына таласқан ертегілер», 2 «ә» сыныбы «Жеті лақ», 2 «б» сыныбы  « Шықбермес   Шығайбай» ертегілерін дайындап келген.Осы байқау қорытындысы  бойынша барлық сыныптар жоғары деңгейдегі дайындықпен келді. Байқау қорытындысы бойынша қатысқан сыныптар мақтау қағаздармен марапатталды.
Облыстық  «Үздік   бейнесабақ»  онлайн  байқауына  бастауыш   сынып  мұғалімі  Айтмырзаева Ш.Р.  қатысып,  І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Желтоқсан айында Рухани жаңғыру аясында  мектепішілік «Әнші балапан» байқауы өткізілді. Оған 3-4 сынып оқушылары қатысып, бірнеше оқушылар жүлделі орындарға ие болды. 4 «б» сынып оқушылары  Тоқтар Мақпал « Бас жүлде», 4 «а» сынып оқушысыАлдасүгір Әділет І орынды,  ІІ орынды Аңламас Айнара, 3 «б» сынып оқушысы Қазыбаева Ақжүніс, І орынды 4 «б» сынып оқушысы Ануарбек  иеленді.
Желтоқсан айында 1-2 сыныптың ата-аналарының  қатысуымен үлгілі отбасы байқауы ұйымдастырылды.  1-2 сыныптың мұғалімдері көрме ұйымдастырды. Байқауға ата-аналар қатысып, жүлделі орынға ие болған ата-аналар аудандық байқауға қатысты.
Жолдыбекова Г.М.  «GLEVER» қашықтық олимпиадаға қатысып, жүлделі І орынды иеленді. «GLEVER»  қашықтық олимпиадаға математика пәні бойынша Кезеңғараева Б,  Нурадинов А,  Құндызбек А,  Жұматай Р,  Қалы М  қатысып, жүлделі І дәрежелі  дипломмен  марапатталды. Қашықтық олимпиадаға жеңімпаздар дайындағаны  үшін  мұғалімі  Жолдыбекова Г.М. «Алғыс хатпен» марапатталды. 
2019 -  2020  оқу жылы                                                                     
      Төле би  атындағы   шағын  орталықты  орта мектебі                       
                     Мектепалды  даярлық   сыныптар
23-25  қазан  аралығында мектепалды даярлық сыныптар арасында                                     «Күз сыйы» тақырыбында көкөністер мен жемістерден даярланған көрме ұйымдастырылды. Көрмені мектепалды даярлық сыныбының мұғалімдері: Бұзаубаева А.К. мен Шерметова А. Көрме қорытындысы бойынша   оқушылардың  жұмыстары  бағаланып,  мақтау  қағазымен  марапатталды. 
Қараша айында мектепалды даярлық сыныбы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру аясындағы облыстық (сырттай) «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»  байқауына                                  Келдібай  Айша  қатысып,  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Мұғалімі:  Бұзаубаева А.
Қараша айында мектепалды даярлық сыныбы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру аясындағы облыстық (сырттай) «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»  байқауына  Мустафаева           Махпиля  қатысып,  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Мұғалімі:  Комплешева   А.А
 
 Қараша айында мектепалды даярлық сыныбы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру аясындағы облыстық (сырттай) «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»  байқауына Сафарова  Азиза  қатысып,  І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Мұғалімі:   Кван   Н.В