«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылған іс-шаралар
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде тәрбие жұмысы бойынша 2017 оқу жылы 1-тоқсанда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылған іс-шаралар
2-қыркүйек күні "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында алғашқы қоңырау салтанаты болды.1-11 сыныптар бекітіліген жоспар бойынша рухани жаңғыру аясында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
2-қыркүйек сағат 10.30-да 11сыныптар аралығында мектеп директоры М.Т.Султанованың бастауымен "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел өткізу барысында видеороликтер,слайд көрсетіліп,сабақ жоғарғы дәрежеде өтті.
Мектепте ашық тәрбие сағаттары және "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асыру туралы іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілді.
7-қыркүйек күні Денсаулық фестивалі күніне байланысты рухани жаңғыру аясында "Денсаулық -2017" тақырыбында дала жиыны өткізіліп,өз мәресіне жетті.Жаттығулар жасалып,әртүрлі спорттық шаралар көрсетілді.
22-қыркүйек күні Тіл мерекесіне орай аудандық іс-шаралар мен мектепте бекітілген жоспар бойынша барлық 1-11 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттары бекітіліп,өткізіліді.
22-қыркүйек күні аудандық Тіл фестивалі мерекесіне қатысып,11 сынып оқушысы Самсонова Катя қатысып бас жүлдені иеленді.
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері күні мерекесіне орай Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттыру мақсатында үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» атты байқау өтеді.
«Тілдарын» байқауына осы үш тілді еркін меңгерген 4 - 10 аралығындағы оқушылар қатысты. Үміткерлер төрт кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде үш тілде өздерін таныстырса, екінші кезеңде үш тілде өлең оқыды . Ал, үшінші кезеңде күнделікті кездесетін ағылшын сөздерін түсіндірді. Соңғы сайыста үш тілде уақытқа сөз айтты.
Қатысушылар:, Оразбек Аяулым -10 сынып, Шопан Аида - 9 сынып, Абдуали Анел – 8 сынып , Шайкен Диана – 7сынып, Тефиков Афлат – 7 сынып, Кадырова Зулял – 5 сынып
Қазылар алқасы әрбір қатысушының тапсырмаларды орындағанда тілді қаншалықты меңгергенін сынға алды. Әрбір сөздің дұрыс дыбысталуына да жіті мән берілді.
I - Оразбек Аяулым -10 сынып, Абдуали Анел – 8 сынып
II - Шайкен Диана – 7сынып, Кадырова Зулял – 5 сынып
III - Шопан Аида - 9 сынып, Тефиков Афлат – 7 сынып
Бірнеше тіл білу соншама ұлттың салтын біліп, санасын ұғумен пара-пар. 21-ғасыр алғырлардың адымын аштырып, бәсін асырады. Біздің меже – ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттыру. Мұндай байқаулар сол мақсатқа жетуді жеделдетпек.
"Шаңырағым-шаттығым" сурет байқауы 9-қыркүйек "Отбасы бақыт мекені" күнін мерекелеу шеңберінде жоспарға сәйкес "Шаңырағым шаттығым" тақырыбында аудандық сурет байқауына 2 "а" сынып оқушысы Сағындық Ерасыл ұстазы Көрпебаев Ерланның жетекшілігімен сурет салуға қатысып,өзінің салған суреттері ауданға ұсынылды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
22-қыркүйек күні салауатты қалыптастыру орталығынан есірткі,темекі,ішімдік туралы лекция оқылып,тренинг өткізіліп,видео көрсетілді.
Ұстаздар мерекесіне орай рухани жаңғыру аясында ұстаздарға арналған
««Ұстаз – ұлық бәрінен» атты мерекелік жиын болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларды өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай білуге ,.өздігіненжұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Мектепте рухани жаңғыру аясында дәстүрге айналған ұстаздар күніне орай ардагар ұстаздар шақырылып,оқушылар дайындаған сазды мерекемізді тамашалап,құттықтау сөздер айтылып,ардагер ұстаздар тарапынан өз алғыстарын білдірді.
10 «а» сынып жетекшісі Ақжолова Айгерімнің жетекшілігімен бекітілген жоспар бойынша «Ұстаз-ұлық бәрінен» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Ашық тәрбие сағатына мектеп ұстаздары қатысып,оқушылардың жоспар бойынша қойылған сұрақтарына жауап бере отырып,өз ризашылықтарын білдірді.
Рухани жаңғыру аясында мектепте қазан айында "Берекелі,мерекелі Алтын күз" мерекесі 3-4 сыныптар,5-7 сыныптар ,8-9 сыныптар және 10-11 сыныптар арасында өткізілді. Әр сыныптар арасында жүлделі 1-2-3 орындарға және әр түрлі номинацияларға ие ие болды.Күз ханшайымы 8-9 сыныптар арасында 8 "а" сынып оқушысы Нұрғалиева Аяулым, күз ханзадасы 9 "б"орыс -сынып оқушысы Давришев Полат атанды.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектепте барлық іс-шаралар жүргізілуде. Соның ішінде мектеп ішін жабыдықтау қарқынды жүруде.Мектептің кіре берісінде "Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі" тақырыбында жазылған лозунг, 1-қабатта интернет желісіне қосылған теледидар, гүлдермен көмкерілген "қысқы бақ", буккросинг,2-қабатта стендтер орналастырылып,мектеп мәжіліс залында баннер ілініп, кітапханада бұрыштар қойылып,әр сынып бөлмелерінде сынып бұрыштары дайындалды.
Қыркүйек -қараша айларында бекітілген жоспар бойынша ата-аналар жиналысы болып өтті.Ата-аналар жиналысында "Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту", «Рухани жаңғыру-келешектің кепілі» тақырыптары қаралды және биылғы жылға жаңадан ата-аналардың келісімімен ата-аналар комитеті сайланды.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды.
29.09.17 "Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту",
-«2017-2018 оқу жылында мектептерде 5 күндік оқу жүйесіне көшу туралы,ҰБТ,қорытынды атестаттау. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Сыздықбаева Ш.Қ.
-« Жалпыға бірдей оқумен міндетті қамту айлығы аясында қамқорлық акциясы және ыстық тамақпен қамту». Әлеуметтік маман: Қуандықова Д.Т.
-Мектеп оқушыларының ата-аналарсыз кешкі мезгілде жүрмеуін ескерту.
Директордың құқық жөніндегі орынбасары: Джуаспаева А.Д.
- Мектеп формасының біріңғай стандартының сақталуы, оқушылардың тәртібі, сабаққа қатысуы, бірыңғай мектеп формасы туралы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Байтабаева Б.Б.
- Ата-аналар кеңесі мүшелерін сайлау.
27.10.17 «Рухани жаңғыру-келешектің кепілі».
Күн тәртібі - «Рухани жаңғыру-келешектің кепілі» тақырыбында баяндама (қазақша-орысша)
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Байтабаева Б.Б.(қазақша)
директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Джуаспаева А. (орысша)
- «2017-2018 оқу жылында кәсіптік білім беру бағдарламасы,ҰБТ,9-11 сыныптардың журналдарының тексеру қорытындысы.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Сыздықбаева Ш.Қ.
- Әр түрлі мәселелер
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша Өңірлік« Жан жылуы» жобасы аясында «Жылы жүрек,жомарт қол» қайрымдылық акциясы болып өтті.Акцияға көптеген қонақтар ауыл ақсақалдары,ауыл әкімшілігі,ардагер ұстаздар,демеуші ауыл азаматтары шақырылып,аз қамтылған отбасыларға киім-кешек беріліп,мерекелік кешке ұласып,келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп,тарқасты.
