Жалпыадамзаттық құндылықтар күні » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ноябрь
2021

Жалпыадамзаттық құндылықтар күні

«23 қараша – Жалпыадамзаттық құндылықтар күні» 

тақырыбында өткізілген іс-шаралардың есебі


22.11.21 ж.   мектепте  «23 қараша – Жалпыадамзаттық құндылықтар күні»   тақырыбында іс-шаралар  өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып,  мейірімділікке, отбасын сыйлауға, әдептілікке, табиғатты  сүюге, ізгілікке тәрбиелеу.

                        Пән мұғалімдері  Г.М. Бахбергенова , М.А.Шарапи, С.А.Накипованың  қатысуларымен   «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында өткізілген іс-шараларға арналған   стендтер безендірілді, жоспар құрылды.

   Өзін-өзі тану пәні ӘБ жетекшісі  Г.М.Бахбергенова  салтанатты ашылуын жария етіп, өткізілетін іс-шаралардың жоспарымен мұғалімдер мен оқушыларды таныстырды, «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» тақырып аясында пән мұғалімі Накипова С.А. «Шаттық шеңберін» ұжымдағы мұғалімдермен өткізді.

    Мектеп кітапханасында  «Жүрек қуанышы» тақырып аясында оқушылардың шығармашылық жұмыстарының    көрмесі ұйымдастырылды және   «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» тақырыпта рухани- адамгершілік кітаптармен, әдебиеттермен  өзін-өзі тану пәні мұғалімі З.А.Именова  таныстырды.  


«Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – 

        оның шынайы өмірі» тақырып аясында сыныптарда  тәрбие сағаттары өткізілді.

           "Жалпыадамзаттық құндылықтар" (өлең,шығарма , эссе, сурет) 4-11 сынып оқушылардың қатысуымен   байқау   өтті. Мәнерлеп оқу номинациясында 4 «ә» сынып оқушысы Әділханқожа Х. үздік атанды.

    Эссе жазудан  6г сынып оқушысы Д.Сабитованың шығармасы .  үздік деп бағаланды.

    Пән мұғалімі Бахбергенова Г.М. мектеп мұғалімдердің қатысуымен «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырып аясында дәріс оқып, жалпыадамзаттық құндылықтармен таныстырды.

     Пән мұғалімі Бахбергенова Г.М. «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиелеудің негізі»  тақырыбында мектептегі ата-аналармен жиналыс өткізіп, жалпыадамзаттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын түсіндірді.

Өткізілген іс-шаралардың  соңында пән мұғалімдердің мектеп оқушылармен  дайындаған шағын концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.

Оның ішінде: 8 сынып оқушылары «Жалынды жастық шақ» флеш-моб орындады, 11а сынып оқушысы Шайкен Д., 7а сынып оқушысы Бақытжан Т. өлеңдерін оқыды, 3ә сынып оқушылардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін!» әні, т.б. 

Жоспарланған  іс-шаралардың бәрі өз деңгейінде өткізілді, қорытындысы жасалды, мақалалар жарияланды. Пән мұғалімдері мүмкіндігінше іс-шараларға қатысты.