Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт -азаттық көтеріліс. » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт -азаттық көтеріліс.
04
January
2020

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт -азаттық көтеріліс.

Бөлім  8.2В

Отарлау және ұлт-азаттық  күрес 


Мектеп: Төле би  атындағы шағын орталықты орта мектебі

Уақыты: 11.12.2019

Мұғалімнің аты - жөні: Мынжасарова Гулсин Алмахановна

Сынып: 8 «А»

Қатысқан оқушылар саны: 19

Қатыспағандар:1

Сабақ тақырыбы

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Алғашқы сабақ (1-сабақ)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары


7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау 

Сабақтың мақсаты

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себеп-салдарын анықтап, тарихи маңызына баға береді.

Бағалау критерийлері

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің  барысы мен нәтижесін талдайды;


Тілдік мақсаттар

Кенесары Қасымұлы көтерілісі туралы мәтінмен жұмыстанады (оқылым, айтылым  дағдылары);

Кенесары Қасымұлы көтерілісі туралы бейнематериалмен (тыңдалым, жазылым, айтылым дағдылары) 

Сыныптық талқылау жүргізіледі (айтылым және тыңдалым дағдылары)

Көтерілістің негізгі себебі....  ....  .... .... ..... 

Кенесарының  алдына     қойған  мақсаты ...  ....     .... 

Көтерілістің нәтижесінде...

Көтерілістің жеңілу себебі...

Кенесары көтерілісін жалпыұлттық қозғалыс деп атауға болады, себебі...

Құндылықтарды 

дарыту

- мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы

- жалпы азаматтық құндықтар мен терең көзқарастарды сіңіру 

- азаматтық жауаркершілік 

уған жерді құрметтейтін, жер мен елдің тәуелсіздігінің құндылығын түсінетін тұлға тәрбиелеу

Пәнаралық         

байланыстар

Дүниежүзі тарихы,  әдебиет және география пәндерімен картамен жұмыс және мазмұны арқылы байланыс бар.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет, бейне баян, презентация, т.б.

Алдыңғы меңгерілген білім


Оқушылар патша үкіметінің XVIIІ ғасырда жүргізген отарлау саясатын, хандық биліктің жойылуын, Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың себеп-салдары мен нәтижелерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері 

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

5 мин



Ұйымдастыру сәті. Топқа бөлу / түрлі түсті қағаздар арқылы/

Үй тапсырмасын сұрау:

1.Бөкей Ордасының территориясы/ Еділ мен Жайықтың аралығы/

2.Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы/ І Павел/

3.1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші / шаруалар/

4.1836-1838 жылдары көтеріліске түрткі болған жағдай/Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожаның Каспий өңіріндегі руларға билеуші болып тағайындалуы/

5.Исатай қаза тапқан шайқас:/ Ақбұлақ/

6.Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері/ 1000 сом/

7.Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай/ Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы/

8. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді /Махамбеттің өлеңдерінде /


М . Schoolchildren  видео көрсетіледі.


 М .Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады. 

Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына да назар аударылады.


Тарихи концепт:     Себеп-салдар


 
 Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?






















 


https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/7-synyp/kenesary-qasymuly-bastahan-ult-azattyq-qozhalys?mid=76:simple













Сабақтың ортасы

15мин















































5 мин









5мин










5мин














2мин

Зерттеу және талдау

Топтық жұмыс. Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Топтарға қөтеріліске қатысты мәтін ықшамдап беріледі. Топтағы оқушылар мәтін мазмұнын оқып, мәтін соңында берілген тапсырмаларға жауап береді. Топ мүшелері өз жұмыстарын сынып алдында қорғап, берілген сұрақтарға жауап береді.(Оқулықпен де жұмыстануды ұйымдастыруға болады)

1-ші топ. Көтеріліс қамтыған территориясы, алғышарттары мен хронологиясы:

Көтерілістің  хронологиясы;

Көтерілістің қамтыған аймақтары;

Көтерілістің ұзақ  мерзімді себептері; 

Көтерілістің қысқа мерзімді себептері (түрткі болған жағдай);

Көтерілістің қозғаушы күштері

Дескриптор:

-Көтерілістің болған жыл аралығын анықтайды;

-Көтеріліс қамтыған территорияны картадан көрсетеді;

-Көтерілістің алғышарттарын (себептерін) атайды;

-Көтерілістің басталуына түрткі болған жағдайды анықтайды;

-Көтерілістің қозғаушы күштерін атайды


2-ші топ. Көтерілістің  барысы, шарықтау кезеңі:  

Көтерілістің мақсаты;

Орталықтандырылған басқару жүйесінің болғандығын кемінде  дәлелдейді; -;

Көтерілістің негізгі ошақтары; 

Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтары;


Дескриптор:

-Көтеріліс  мақсатын сипаттайды;

Орталықтандырылған басқару жүйесінің болғандығын кемінде  дәлелдейді; -;

-Көтерілістің негізгі ошақтарын анықтайды; 

- Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтарының іс-қимылдарын анықтайды




3-топ. Көтерілісшілердің Қоқан иеліктеріне басып кіруі;

Көтерілістің  шешуші кезеңі:  

Көтерілісшілердің Ұлы жүз аймағына ойысуы;


Дескриптор:

 Көтерілісшілердің Қоқан иеліктеріне басып кіруін  тарихи фактімен түсіндіреді 

-Көтерілісшілердің Ұлы жүз аймағына ойысуының себебін анықтайды;


4 топ 

Көтерілістің  бәсеңдеуінен кейінгі қалыптасқан жағдай 

Көтерілістің жеңілуінің себептері; 

Көтерілістің тарихи маңызы

Дескриптор:

-Көтерілістің  бәсеңдеуінің кейінгі  болған оқиғаларды түсіндіреді;

-Көтерілістің жеңілуінің себептерін анықтайды; 

-Көтерілістің  тарихи маңызын талдайды;


2 тапсырма Топтық жұмыс :

Кенесары ханның жеткен жетістіктерін сала бойынша топтастырыңыз

Саяси Әлеуметтік Экономикалық Техникалық

Керекті сөздер:

-салық жинау тəртіпке келтірілді

-егіншілікпен айналысу мүмкіндігі туды

-тыңшылық қызмет енгізілді

-соғысуға қабілетті жасақ ұйымдастырылды

-руаралық қақтығыстарға тыйым салынды

-мəмлегерлік қызмет ұйымдастырылды

-хандық кеңес құрылды

-сауда-саттық саясаты өзгеріске ұшырады

-мемлекеттің құрылымы өзгерді

Дескриптор: 

-Кенесары ханның жеткен жетістіктерін саяси сала бойынша топтастырады;

-Кенесары ханның жеткен жетістіктерін әлеуметтік сала бойынша топтастырады;

-Кенесары ханның жеткен жетістіктерін экономикалық сала бойынша топтастырады;

-Кенесары ханның жеткен жетістіктерін техникалық сала бойынша топтастырады


3тапсырма : Жеке жұмыс: Кенесары ханның тарихта аты аңызға айналған хан аталарының бесеуін жаз. Хандардың билік ету реттілігін сақта








 
 

Дескриптор:

Кенесары ханның тарихта аты аңызға айналған хан аталарының ретімен  жазады



4 тапсырма Сабақты қорыту "Plickers" онлайн

1. 1837–1847 жж. болған көтеріліске кім басшылық еткен?

а) Кенесары Қасымұлы

2. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс қашан болды?

б) 1837–1847 жж.

4. Кенесары қашан хан сайланды?

в) 1841 жылы

5. Кенесары көтерілісінің негізгі мақсаты неде?

а) тәуелсіз қазақ хандығын құру

6. Кенесары қозғалысының негізгі қозғаушы күштері кімдер?

ә) шаруалар

7. Кенесары қазақ хандығын жеке мемлекет ретінде құра алды ма?

б) хандықты қайта құрды

8. Хан маңындағы кеңесші орган:

в) Хан кеңесі


Интерпретация

Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?

Feedback.  Мұғалімнің кері байланысы


М. Үш тұлғаның ортақ мақсатын анықтау

 





8 сынып. Қазақстан тарихы. 

ЦБР. 1837-1847 жж.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. 



Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.

8 сынып. Қазақстан тарихы., Атамұра, 2012.




Қосымша-1

Мәтін-таратпалар

 Карта







Қосымша-2

Сұрақ-таратпалар






























 








 



















 

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия. «Кубизм »әдісі

  • Бүгін не білдіңіз? 
  • Сіз үшін не жаңалық болды?
  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?
  • Мен қай деңгейдемін?
  • Неден қателестім?


Үй тапсырмасы:   1837-47жж Кенесары көтерілісі туралы ақпаратты қайталап-пысықтау. Нысанбай  жыраудың  «Наурызбай» жырын оқу 


Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Schoolchildren көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс 

Қауіпсіздік ережелері 

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)


Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.  


Сабақтың  бағалау критерийлері бойынша топта/жұпта жұмыс жасауын топ/жұп басшылары бағалайды, тақырыпты меңгергенін бақылау үшін кесте, схема мен қисынды жүйе (логикалық тізбек), ментальді карта (интеллект карта) арқылы оқушыларды бағалауға болады.



АКТ арқылы сабақ тақырыбын презентациялау және бағалау парағын АКТ арқылы оқушылар өз жұмыстарын тексеруді қамтамасыз ету. 

Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісті зерттеу арқылы оқушылардың бойында патриотизм, ұлтжандылық қасиеттері қалыптастырылады. Қазақ батырларының қасиеттерін көре келе, осындай тарихи тұлғалар үшін мақтаныш сезімі қалыптасады.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

 2: 

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 

1: 

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?