«Тарихыңды танып біл!» интеллектуалды марафон. » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Тарихыңды танып біл!» интеллектуалды марафон.
11
December
2017

«Тарихыңды танып біл!» интеллектуалды марафон.

Тақырыбы:  «Тарихыңды танып біл!» интеллектуалды марафон.
  Сабақтың мақсаты:
   Білімділік: Оқушыларды  Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарында болған оқиғалармен, жаулаушылықтан келген   зардаптары туралы мағлұматтарды қалыптастыру.Топтық жұмыс арқылы білім сапасын арттыру.
   Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, тәртіптілікке тәрбиелеу, тұлғалық дамудың басты негіздерін оқушы санасына құю, қайталау тақырыбындағы деректер арқылы тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға күш салу.
   Дамытушылық:  Қайталау тақырыбын оқушылардың өздеріне беру арқылы өз бетімен  шығармашылықпен жұмыс жасауын қалыптастыра отырып қорытынды жасауға дағдыландыру.
   Сабақтың әдісі: топтық, ұжымдық сабақ.
   Сабақтың тәсілі: логикалық ой қорыту, дәлелдеу,пікір айту.
   Көрнекілігі: интерактивтік тақта, карта,  слайд.
   Сабақ барысы:
 Ұйымдастыру сәті.
 Топ жұмыстары (сайыс)
 Қорытынды
 Бағалау
            ХХІ ғасыр – білікті білімді бәсекеге қабілетті жастардікі ...
                                                                             Н.Ә.Назарбаев
  «Білім - өмір шырағы» қазіргі заман білім мен ғылым заманы. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры. Болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан Ел басымыз шәкірт біліміне ерекше көңіл бөліп отыр.
 Олай болса, Тарихыңды танып біл» атты  интеллектуалды марафонды бастаймыз.
   І  топ. «Тарихшылар»
 Ұраны: «Өзге елде сұлтан болғанша,
               өз елінде ұлтан бол».
   Мақсаты: «Ел тарихын оқып білу,
                     Отанды қорғау».
  
  ІІ топ. «Білімділер».
 Ұраны: «Білекті бірді жығады,
               білімді мыңды жығады»
 Мақсаты: Бәсекеге қаблетті білімнің биігіне көтерілу үшін күресу.
  
 ІІІ топ. «Экономистер»
 Ұраны: «Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе»
 Мақсаты: Елдің дамуына үлес қосу үшін көп оқу, саналы азамат болу.
 (Топ мүшелері Ұран мен топтың мақсатын хормен айтады
  
 I тур.               Бәйге  (әр  топқа  10 сұрақтан қойылады)
 Тарихшылар тобы :
 1.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді?
 2. Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев қашан ақталды?
 3. Қазақстан қай жылы БҰҰ –на мүше болды?
 4. Қай жылы Қуғын -сүргін құрбандарының жылы деп аталды?
 5. Горбачев КОКП ОК бас  хатшысы болып қашан сайланды?
 6. Е.Бекмахановты арашалып  шығарып алған тарихшы?
 7. ҚР бірінші президенті кім?
 8.Ел таңбаның  авторлары
 9. Қазақ тайпаларының басын қосып қазақ хандығының негізін қалағандар?
  10.Қазақ КСРО ғылым академиясының бірінші президенті кім болды?
 Білімділер тобы:
 1.Сталин қашан қайтыс болды?
 2.1989 жылы О.Сүлейменов бастаған қозғалыс қалай аталды?
 3.Қай жылы ел астанасын  Ақмола (Астана) қаласына көшіру туралы  заң қабылданды?
 4.ҚР Мәдениет жылы қашан болды?
 5.ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған  мемлекет
 6.ҚР байрағының авторы
 7.Қазақ хандығының негізі қаланған уақыт?
 8.Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан қашан шығарды?
 9.ҚР ұлттық валюта күнін ата
 10.Қазақ  КСРО  тілдер туралы заңы қашан қабылданды?
 Экономистер тобы:
 1.     Қазақстанды Д.А. Қонаев қай жылдары басқарды?
 2.     КСРО өмір сүрген кезең
 3.     ҚР бірінші Конституциясы қашан қабылданды?
 4.     ҚР денсаулық  жылы қашан болды?
 5.     Семей ядролық полигон жылы қашан жабылды?
 6.     ҚР екінші Конституциясы қашан қабылданды?
 7.     Ән ұранның авторы
 8.     Тұңғыш қазақ ғарышкері
 9.     1986 жылы Д.А. Қонаевтың орнына кім келді?
 10.                       1986 жылғы «желтоқсан оқиғасына» байланысты дүниеге келген ән?
  
 ІІ  тур .                            Тарихи тұлға
  
 ІІІ тур.                            Кім   жылдам?
 1. Екінші дүниежүзілік соғыста қанша адам қаза тапты?
 2. Ұлы Отан соғысында үш мәрте Кеңестер Одағының батыры атағын алған?
 3. Карточкалық жүйенің  жойылған жылы?
 4. Қазақстандағы тың және тыңайған  жерлерді  игеру қашан   басталды?
 5. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы  ОК –нің бірінші хатшысы кім болды?
 6. 1953 жылы күзде  партия  мен үкімет  басшысы  болып кім тағайындалды?
 7. Қазақстандағы су  тұщытатын  алғашқы  атомдық станциясы  салынған теңіз?
 8. 1954 жылы  ақпанда Қазақстан  Компартиясының бірінші хатшысы Ж.Шаяхметовтың орнына кім отырды?
 9. 1959 жылы  қала халқының саны қанша пайызға өсті?
  
  
  
  
  
  
  
 ІV тур. Математикалық ойын
                                    І топ.
 1. 400х4+347=1947                  (карточкалық жүйе жойылды)
 2. 2800+105-920=1985             (Горбачев келді билік басына)
 3. 3800/2+91= 1991                  (Тәуелсіздік жылдары)
                                   ІІ топ.
 500х3+454=1954                (тың  игеру жылы)
 4000/2-8= 1992                  ( БҰҰ мүше болды)
 800х2+393= 1993               (теңге жылы)
                                 ІІІ топ.
  996х2+3=1995                       (Конституция жылы)410х5-39= 2011                                 410х5-39= 2011                     ( Азияда болды)
  980х2+1=1961                       (Ю.Гагарин ғарышқа ұшты)
  
 V тур.  Ой –толғау
  Инвестиция –қаржы бөлу, ақша салу....
 Экспорт –импортқа қарама –қарсы.....
 Легализация –құжаттарға қойылған  қолдардың растығын  қуаттау....
 Капитал –бастапқыда кез келген  мүлік, кейінірек кіріс  (пайда)  әкелетін  қаржылық  және материалдық  құралдар
 Ұлтшылдық –ұлтты қоғамдық  бірліктің жоғары формасы ретінде қарастыратын идеология мен саясат....
  Демократия –халық билігінің қайнар көзі
 Мораторий –мемлекеттің өз іс –әрекетінің, халықаралық міндеттемелерінің, шарттарының орындалуын тоқтай тұруы.....
 Қорытынды.
 Бағалау.
 Үйге тапсырма:  Қайталау
 Мұғалім: Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық. Қорғауға әрқашан да дайын тұрайық. Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, зиялы азаматы болайық! «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ»  деген атқа лайық болыңдар!