12
November
2021
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Истибаеваның ұйымдастыруымен 1-5 қараша аралығында 8-9 сынып оқушыларына арналған ауылымызда орналасқан өндірістер мен кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен "Мамандықтар әлемін ашамыз", «Өз ісінің шебері», «Мамандық өмір таңдауы» тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылды.
Мақсаты: 8-9 сынып оқушыларына еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша даярлауға дұрыс бағыт беру, дұрыс мамандық таңдай білуді үйрету, оқушыларға қолдау көрсету, оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу, болашаққа жоспарларын аныктау, мамандық таңдаудың қыр-сырын меңгерту.




