Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың 108 жылдық мерейтойы
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері
Д.А.Қонаевтың 108 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген
іс-шаралар
12 қаңтар күні Қонаев ауылы әкімшілігінің алдында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың 108 жыл толуына орай еске алу жиыны болып өтті. Іс-шараға аудан әкімшілігі, ауыл ақсақалдары, мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты. Қонаев ауыл әкімшілігі алдында орналасқан Қонаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Жиынға келген қонақтар Қонаевқа арналған жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды.
Мектеп кітапханашылары К.Хасенова, З.Саулебева «Ғасыр адамы» тақырыбында көрме қойып, 8 сынып оқушылары Қонаевтың өмірбаянымен, еңбектерімен танысты.
13 қаңтар күні жоспар бойынша "Тұғыры биік тұлға" тақырыбында 6 «а» сыныбымен сынып жетекшісі Н.Макашева ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаты мазмұнды, мағыналы , өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Оқушылар Д.А.Қонаевтың өмірбаянымен, еңбектерімен таныстырып, бейнероликтер көрсетіліп, көптеген мәліметтер берді.









