Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына
30 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілетін іс-шаралар туралы жоспары жасалынып, бекітілді. Бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.
12 ақпан күні "Ауған ақиқаты" тақырыбында кітапханашы К.Хасенованың жауапкершілігімен бұрыш ұйымдастырды.
11-15 ақпан аралығында барлық 1-11 сыныптарда "Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді.
14 ақпан күні 10 "а" және 11 "в" сыныбымен сынып жетекшісі Р.А.Мамбетова бекітіліген жоспар бойынша «Афганистан-живая память» тақырыбында ашық сынып сағатын коучинг түрінде қазақ және орыс екі тілде өткізді. Коучингке ауған соғысының ардагерлері қатысып, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін жеткізіп, патриот адам қандай болу керек екендігін айтып өтті.
12 ақпан күні "Ауғаныстан-жүректегі жара" тақырыбында 4 "а" сыныбымен сынып жетекшісі Т.Қуанышбаева сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушылар өлең шумақтарын оқып, бейнеролик көрсетілді.
Тәлімгер Ұ.Камалованың ұйымдастыруымен және 11 -10- 4 сынып оқушыларының қатысуымен ауған соғысының ардагерлеріне сазды кездесу кешін ұйымдастырды. Кешке ауған соғысына қатысқан ауылымыздың ауған соғыс ардагерлері Дүйсебаев Жақсылық, Бекиров Юсув және ауған соғысында қаза тапқан Утепов Дулаттың анасы Клепа Семеновнаға арнайы шақыру билеті таратылып, мектебіміздің атынан қонақ ретінде шақырылды. Сазды кешімізге ауыл әкімшілігі апаратынан қонақтар және Қонаев ауылының әкімінің уақытша міндетін атқарушы Т. Нетаев та қатысты. Сазды кездесу кеші Қазақстан Республикасының Гимн айтылуымен басталды және бір минут үнсіздік жариялады.
Сазды кеште оқушылар өздерінің дайындаған әндерін айтып, өлең шумақтарын оқыды. Ауған соғысында болған ардагерлерімізге концерттік бағдарламамызды ұсындық және бейнероик көрсетілді. Келген қонақтарымыз өздерінің жүрекжарды тілек лебіздерін білдіріп, болашақ ұраққа яғни, мектеп оқушыларына тәлім-тәрбиесі бар мағыналы ой салатын ақыл сөздерін айтып, елімізге тыныштық бейбітшілік тіледі. Соңында мектебіміздің ұжымымыздың атынан және ауыл әкімшілігі тарапынан дайындаған қонақтарымызға ерен ерліктері үшін сыйлық ұсынылды.



