05
ноябрь
2020
бала құқығы - адам құқығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жағдаяттық сұрақтар,шешендік сайыс.
Сынып оқушылары толық қатысты. Топқа бөлінді:
І топ «Бейбітшілік»
ІІ топ «Заңгерлер»
ІІІ топ «Ақиқат»
Мұғалім сабақтың өту барысымен таныстырып өтті:
1. «Тақырыпты қорғау» кезеңі
2. «Тікелей сұрақ» әр топқа 7 сұрақ
3. «Ой елегіне өткіз»кезеңі
4. Сергіту сәті
5. «Жағдаяттық сұрақтар» кезеңі
6. «Ойды аяқта» кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау)
7. «Құқық қорғаушы сойлейді»кезеңі
Тақырыпты қорғау. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша постер қорғап шықты.
І топ «Бейбітшілік» Оқушы құқықтары
ІІ топ «Заңгерлер» Оқушы міндеттері
ІІІ топ «Ақиқат» Оқушы жауапкершілігі
Балалар талқыға қызу қатысып, ерекші белсенділік танытты. Ұйымдастырушы сайыс барысында алдына қойған мақсаттарына толық жетті.