ұлт аралық келісім - бейбітшілік кепілі » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ұлт аралық келісім - бейбітшілік кепілі
26
апрель
2021

ұлт аралық келісім - бейбітшілік кепілі

Қонаев ауылы жастар ісі жөніндегі инспекторының және Төле би атындағы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А.Джуаспаеваның ұйымдастыруымен, Төле би атындағы орта мектебінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Біздің күшіміз бірлікте" атты тақырыпта ұлтаралық достық қарым қатынасты нығайтуға, қоғамдағы жастар арасындағы түсініспеушілікті алдын алуға, жастарды бірлікке, ынтымаққа, тату-тәтті өмір сүруге шақыруға бағытталған кездесу болып өтті. Аталған шараға Қонаев ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Б.Досумбеков, түрік этно-мәдени орталығының жетекшісі И.Б.Тагиров, Шу аудандық маслихат депутаты және Төле би атындағы орта мектебінің директоры Т.М.Сұлтанова, ювеналды полиция бөлімінің аға лейтенанты Н.Н.Баетов қатысып, бірлік-ұлтаралық ынтымақтастықтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі екендігі, қазақ халқының өмірлік тәжірибиесінде бірліктің маңызы зор екендігі жөнінде айтылды.