Жомарт түлек » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2021

Жомарт түлек

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Бүгін 20 наурыз күні Шу ауданы Төле би атындағы орта мектебінде санитарлық тазалық пен абаттындыруға бағытталған «Бар тіршілік Наурыздан басталады» атты облыстық сенбілікке және «Жомарт түлек» жобасы аясында меценаттармен кездесуге арналған, «Бір түлек-бір ағаш» атты акция өткізілді. 
Акцияға аудан әкімі Календеров Нұржан Сабитұлы, "Nur Otan"» партиясының Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Маслихат хатшысы, Аудандық маслихат депутаттары, бөлім басшылары, ақсақалдар алқасының, қамқоршылық кеңесінің, әдеп кеңесінің, түрік этно-мәдени орталығының төрағалары және де 1977 жылғы, 1981 жылғы,  2000 жылғы мектеп түлектері қатысты. Ауылдың ақсақалы Байдаулет атамыз батасын беріп, 
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы" мерекесіне  арнап  30 туя ағашы, 160 роза гүлі, 50 түп алма талы, 150 терек отырғыздық. 
 Наурыз мерекесі құтты болсын!
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Түлектерімізге мың алғыс!