"Қыз Жібек" қыздар клубы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2022

"Қыз Жібек" қыздар клубы

Төле би атындағы орта мектебінің "Қыз Жібек" қыздар клубының жетекшісі А.Ақжолованың және мектеп медбикесі А.Е.Сырықбаеваның ұйымдастыруымен   «Қыз тәрбиесі анаға сын» тақырыбында клуб мүшелерімен жиналыс өткізілді.
 «Қыз» — қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
 Жалпы мектеп жасындағы қыз балалар тәрбесін үш кезеңге бөлуге болады.
1-кезең, бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуіне құштарлығын арттыру, кітап оқыту мәдениетін дамыту.
2-кезең, бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің барлығын айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керектік нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру — басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.
3-кезең, тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, бауырларын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.