«Қыз-өмірдің гүлі» тақырыбында қыздармен жүргізілген жұмыстың қазан айында өткізілген іс шара туралы мәліметі » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз-өмірдің гүлі» тақырыбында қыздармен жүргізілген жұмыстың қазан айында өткізілген іс шара туралы мәліметі
05
ноябрь
2020

«Қыз-өмірдің гүлі» тақырыбында қыздармен жүргізілген жұмыстың қазан айында өткізілген іс шара туралы мәліметі

Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі
2020-2021 оқу жылы
«Қыз-өмірдің гүлі» тақырыбында қыздармен жүргізілген жұмыстың
қазан айында өткізілген іс шара туралы  мәліметі
            13.10.2020ж. күні «Қыз Жібек» қыздар клубының ұйымдастыруымен қыздар жиналысы өтті. Жиналыс тренинг түрінде ұйымдастырылды, тақырыбы «Қыз-өмірдің гүлі». Жиналысқа   мектеп  психологтары Е. Турускулова, Г. Дихамбаева, ДТІЖО М.Истибаева және мектеп медбикесі  А. Изатова қатысты. 
"Қыз Жібек" клубының жетекшісі А.Ақжолованың ұйымдастыруымен "Қыз-өмірдің гүлі" тақырыбында 8-11 сынып оқушы қыздарымен барлық санитарлық нормалар сақталып, таза ауада жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында қыздарды халықаралық қыздар күнімен құттықтай отырып қыздарға тілектер жазылған парақшалар таратылып, қыз баласының бойында қандай қасиеттер болу керек екендігі туралы айтылды жəне мектеп психологы Е.Турыскулова ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша әңгіме жүргізіп, қажетті кеңестер берді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға , салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
      «Қыз-өмірдің гүлі» тақырыбында нақыл сөздер, ақыл кеңестер, тыйым салынған заттар, туралы баяндама оқылды. Қыздар ойын арқылы тақырыпты ашуға көмектесіп, бір біріне деген тілектерін білдірді. Оқушылар белсенділік көрсетті. Қыздар  жиналыстын мүмкіндігінше осындай түрде өткенін қалайтындарын айтты.
Клуб жетекшісі: Акжолова А.Б