"Қыз Жібек" қыздар клубы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2023

"Қыз Жібек" қыздар клубы

Қараша айында жоспарға сәйкес 24.11.2023ж. күні «Қыз Жібек» қыздар клуб және психологтардың жоспары бойынша бірлескен жиналысы өткізілді.
        «Қыз – ұлт болашағы» тақырыбында ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ САБАҚ, мектеп психологтары және клуб жетекшісі ұйымдастыруымен өтті. Психологтар ұйымдастырған тренинг-ойындар, cұрақтар мен өздерінің еркін жауаптарына қыздар таңқалды. Қыздар өздерін еркін ұстап, өз ойларын ашып айтты. Осындай түрде жиналыстар жиі болуын сұрады. Сонымен қатар қыздар сауалнама сұрақтарын талқылап, өздерінен кіші сыныптарға ақыл кеңес түрінде осындай жиналыстар өткізсек деді. 
     Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту
     Қатысқандар: «Қыз жібек» клубының  жетекшісі  А. Б. Акжолова, мектеп педагог – психологы  Е. Тырускулова , Г. Дихамбаева  9 – 10 сынып оқушылары.