2019-2020 оқу жылындағы ұйымдастырушы педагогтың атқарған іс-шараларының жарты жылдық есебі » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2019-2020 оқу жылындағы ұйымдастырушы педагогтың атқарған іс-шараларының жарты жылдық есебі
25
март
2020

2019-2020 оқу жылындағы ұйымдастырушы педагогтың атқарған іс-шараларының жарты жылдық есебі

Төле би атындағы  шағын орталықты орта мектебі
2019-2020 оқу жылындағы  ұйымдастырушы педагогтың атқарған 
 іс-шараларының жылдық есебі
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бізді рухани жаңғырудың озық үрдістерін іске асырудың   алты бағытын ілгерілетуге шақырды. Соның ішінде «Білімнің салтанат құруы» деп аталған бағытында Елбасы бүгінгі заманға сай жас ұрпақтың сауаттылығы салтанат құруын, бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүние жүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға ол тек қана нағыз ұстаздың қолынан келетіндігін атап айтты.
       Осыған орай Тәуелсіз Қазақстанның жаңа толқын шәкірттерін Отанымыздың өсіп өркендеуіне лайықты етіп дайындауда түрлі   іс-шаралар өткізілді. 
    1-ші қыркүйек алғашқы қоңырау, Білім күніне байланысты мерекелік жиын өтті.  Мерекеде мектеп директоры М.Т.Султанова ,ауыл әкімі , ардагер ұстаздар С.К.Мұратбекова,  Ж.Болшанова ,  ауданның, ауылдың  құрметті   азаматы  Ж.З.Оспанов,ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы   Досумбеков,  мұғалімдер мен оқушыларға өздерінің құттықтау лебіздерін білдірді.Оқу жылының басталуы туралы бұйрықты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.К.Сыздықбаева оқыды. Оқушылар шағын концерттік бағдарламада әсем ән айтып, көңілді би биледі.Алғашқы қоңырауды соғу дәстүрі 1 сынып оқушыларына беріліп, қоңырау соғылды. 
«Қазақстан халқы тілдері күнінің» биылғы жылғы тойлануы да А.Байтұрсыұлының туылған күнімен бір күнде ,яғни 5 қыркүйекте тойланды.
Мерекесі аясында "Тіл – халық мұрасы"  тақырыбы бойынша іс-шаралар  өткізілді . 
  1. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінен келген Тіл мерекесі жоспары негізінде мектепішілік жоспар құрылып бекітілді. 
  2. 12-ші қыркүйек күні «Тіл – халық мұрасы»тақырыбында мерекенің ашылуына арналған жиыны жасалынып, оқушылар өткізілетін іс-шаралар жоспарымен танысыты. Балалар аудандық,  мектепішілік байқауға қатысып, белсендік танытуға шақырылды.  
    7 қыркүйек күні «Спорт-денсаулық кепілі»тақырыбында Денсаулық фестивалі өткізілді. 
Сондай –ақ  осы айда  «Қауіпсіз мектеп » акциясы ұйымдастырылып, 9 сынып оқушылары флешмоб биледі,шағын концерт ұйымдастырылды.
Ұстаздар мерекесіне арналған  «Ұстаз – ҰЛЫҚ БӘРІНЕН»  аясындағы мерекелік  жиын қазан айының 3 жұлдызында өткізілді.Мақсаты: оқушыларды   өздеріне білім беріп, әріп, жазу   үйреткен   ұстаздарына   деген  құрметтерін білдіруге, ұстаз еңбегін бағалай  білуге , өздігінен  жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру   және  келешек өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Ұстаздар мерекесі мектепте оқушылардың өзін –өзі басқаруымен басталды. Таңертең оқитын 11 сынып оқушылары мектепке келген мұғалімдерді гүл шоқтарымен қабыл алып, тілектерін білдірді.1 қабатта жасалған безендірулер мен құттықтаулар жазылған плакаттар, теледидардан көрсетіліп жатқан бейнероликтермен жалғасын тапты. Оқушылар ұстаздардың орнына сабақ берді. Мектеп директоры мен орынбасарларының орына да қызмет жасады. Бұл іс-шара мектептің аға тәлімгері және ұйымдастырушы педагогы тарапынан қадағаланып отырды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, мектептің акт залы шарлармен , гүлдермен безендіріліп, баннер ілініп, бейнепроектормен  Білім және Ғылым министрі Сағадиевтің ұстаздарды құттықтауы жолданды және ұстаздар туралы  бейнероликтер көрсетілді.  Мерекелік  кеш мектеп директоры  М.Т.Султанованың  құттықтауы мен ардагер ұстаздардың сөз сөйлеуімен  басталды. Құттықтау соңында мұғалімдер ерен еңбектері үшін мадақтамалармен, алғыс хаттармен марапатталды. Концертке жауапты  4, 11 сынып оқушылары ардагер ұстаздарға және мектеп ұстаздарына арнап өз концерттік номерлерін арнады. Концерт  соңында 11 сынып оқушылары  ұстаздарға гүл шоқтарын үлестірді. Жоғары деңгейде өткізілген іс-шараға мектеп ұстаздары дән риза болып , өз тараптарынан алғыстарын білдірді
Берекелі күз маусымына орай  3-4, 9-11 сыныптар аралығында "Армысың, Алтын күз!" аясындағы  дәстүрлі күз мерекесі  өтті. Бұл мереке туған жерді қадірлеуге,табиғатты аялауға, дәнді - дақылдардың, жеміс жидектердің , көкөністерді ысырап етпеу,өнерлі, дарынды балаларға қолдау көрсету,қабілет-дарынын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
       Мерекелік кештің кезеңдері төмендегідей:
1.Таныстыру; 2. Өз өнерлерін көрсету; 3. Күз сыйы. 4. «Күз ханзадасы  мен Күз ханшайымын» таңдау.
Ұйымдастырушы педагог И.Б.Омарованың,Л.М.Василевскаяның  ұйымдастыруымен 3-4, 9-11 сыныптар аралығында "Армысың, Алтын күз!" аясындағы   дәстүрлі күз мерекесі  өтті. Бұл мереке туған жерді қадірлеуге,табиғатты аялауға, дәнді - дақылдардың, жеміс жидектердің , көкөністерді ысырап етпеу,өнерлі, дарынды балаларға қолдау көрсету,қабілет-дарынын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысы: 
А/. Ұйымдастыру шаралары
Ә/. Шара өтетін орынды безендіру
Б/. Музыкалық аппаратуралармен қамтамасыз ету
В/. Шараға қатысушы оқушыларды орналастыру
Г/. Әділ-қазылар алқасының құрамын нақтылау.
       Мерекелік кештің кезеңдері төмендегідей:
1.Таныстыру; 2. Өз өнерлерін көрсету; 3. Күз сыйы. 4. «Күз ханзадасы  мен Күз ханшайымын» таңдау.
           Мерекелік кеш 25 қазан күні өткізілді. 2сыныптар кештің безендірілуіне жауапты болды. 3-4 сыныптар арасында «Күзгі ертегі»ұйымдастырылды. Бас жүлдені 3 «А»сыныбы өздерінің алғырлығымен , жан-жақтылығымен жеңіп алды.4 «А» сыныбы жүлделі бірінші орынды , 3 «Ә» сыныбы екінші орынды,  жүлделі үшінші орынды 4«Ә»  сыныптары  иеленді. Кешке қатысқан  
3-4 сыныптар әр түрлі жемістер , көкөністер болып түрлі костюмдер киді.Оқушыларға ерекше әдемі әсер қалдырды.
      Жоғарғы   сыныптар бойынша күзгі балға  9-11 сынып оқушылары өнер көрсетті. 8 сынып оқушылары  іс-шараның безендірілуіне жауапты болды.  Осы сыныптар арасында үшінші орынды 11 «Б» сыныбы, 9 «Ә» сыныбы иеленсе , екінші орныды 9 «А» сыныбы ,бірінші орынды 10«А» сыныбы ,  Бас жүлдені 10 «Ә» сыныбы жеңіп алды. Жүлделі орындармен қатар бұл жоғарғы буынның ерекшелігі  «Күз ханзадасы  мен Күз ханшайымын» таңдау болды.Ханзадалар мен ханшайымдар ортаға өздерінің  бар өнерлерін салып, нәтижесінде «»Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымы» атағына 9 «А»сыныбы ие болды.
     Мерекенің әсем де , әсерлі өтуіне мектеп оқушылары бар күш  жігерлерін салды. «Армысың , Алтын күз!" аясындағы  дәстүрлі күз мерекесі оқушылардың  бойында осындай жарқын әсер қалдырды.

30 қараша  күні «1-желтоқсан - Тұңғыш Президент күні»  қарсаңында әртүрлі         іс-шаралар өткізілді. Сағат 8.00-де  мектептің мәжіліс залында 8-9-10-11 сыныптарының қатыстырылуымен  бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
       30 қараша күні «Егемен елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында 11 сыныптардың қатыстырылуымен  және 11 «ә» сыныбының сынып  жетекшісі  Г.Сабатарова   баяндама оқып,теледидардан бейне жазба көрсетіліп, 11 сынып түлектері  Елбасына арнаған  құттықтау сөздерін арнады және бұл іс-шара Facebook әлеуметтік желісіне жіберілді.
       Осы күні 8 қазақ,орыс сыныптарының ұйымдастыруымен «Елін сүйген,Елі сүйген елбасы» тақырыбында конференция сабақ өткізілді. Конференция барысында Елбасының өмірбаянымен таныстырылып, бейне жазба көрсетіліп,өлең шумақтары оқылды. 

«Үлгілі отбасы-2019» аясындағы    27 қарашада өткізілген байқауға 1-2 сыныптың ата- аналары жауапты болды.Қатысқан отбасылар:
1 А сыныбынан  Бүргенбаевтар отбасы.
2Ә сыныбынан   Есімбековтар отбасы
2Б сынбынан      Кереевтер отбасы
2Д сыныбынан   Вахпиевтер   отбасы
  Әділқазы алқасы:
1_Ұйымдастырушы педагог Василевская Лариса Михайловна
2_ Ұйымдастырушы педагог Омарова Индира Болатбекқызы
3    Еңбек пәнінің мұғалімі  Темирова Алтынай Құрбаналиқызы
4__Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Макашева Нұрзия Сағындыққызы
5_Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джуаспаева Ажар Досановна
Сайыстың өту ережесі: 
Әр кезең 3-4минуттан аспауы керек және осы кезеңдерге берілетін жоғарғы ұпай саны 5 ұпай .
     Байқау 4 кезеңнен тұрды :
1 кезең. «Құстың қос қанатындаймыз». Бұл сайыста қатысушы жұп өздерін таныстырды.
2 кезең. «Өнерлі отбасы». Бұл кезеңде отбасылар өз өнерлерін көрсетті.
3 кезең. Үй тапсырмасы.Бұл кезеңде отбасының отағасы қамшы өру, ағаштан бұйымдар жасау т.б. және жұбайының ас мәзірі немесе тігін шеберлігі,яғни өз таңдауында көрсету.Дайындалған үй жұмысын әділ қазылар алқасы алдына ұсыну және толығымен таныстырды. 
4 кезең. «Ойланайық екеуміз»Бұл кезең сұрақ-жауап кезеңі. Отбасылық құндылықтарға,салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды.
    Отбасылар өте жақсы қарқынмен дайындалған. Қазақы салт дәстүрлер мен өзге ұлттың салт дәстүрлері көрсетілді. Байқаудың нәтижесінде  «Бас жүлдеге» Бүргенбаевтар мен  1 орынға Вахпиевтер отбасы ие болды. Отбасылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. 
Осы 2 отбасы келесі күнге , яғни 28 қарашаға ауданға жолдама алып, аудандық сайысқа қатысты. Аудандық кезеңде Вахпиевтер отбасы 3 орынды, Бүргенбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясын иеленді. 

ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай мектепішілік жоспарға сәйкес    іс-шаралар жоспары жасалынды. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар өткізілді.
      11 желтоқсан күні 3, 9 қазақ орыс сыныптары аралығында  «Бабалар    аманаты -  Тәуелсіздік» аясында  үнқағаздар шығарылды. 
     11 желтоқсан күні  «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында кітапханашылар   К.Б.Хасенова  және З.С.Саулебаеваның дайындауымен кітап көрмесін ұйымдастырды.

Барлық 1-11 сыныптарда тақырыптық тәрбие сағаттары өткізілді.   Мектептің бірінші қабатында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 27 жыл» тақырыбында баннер ілініп,еңбек пәнінің мұғалімдері   А.Қ Темирова ,Е.Е.Көрпебевтың дайындауымен  «Қазақстан   - тәуелсіздік  төрінде » шебер қолдар көрмесі  қойылды. 
15 желтоқсан күні сағат 12.30-да "Бабалар аманаты- Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік кеш  болып өтті.Мерекелік кеш өте жақсы көңіл күймен өткізілді.
Тақырыптық видео-роликтер көрсетілді. Өткізілген іс-шара мектеп сайтына,Facebook желісіне жарияланды
24-27 аралығында   «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз» тақырыбы аясында мектептің  0-11 сыныптар арасында мерекелік кештер өткізілді. Мектептің І қабатында және   спорт залда шыршалар безендірілді. Мерекелік кештерге театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Балалар өз өнерлерін Аяз ата мен Ақшақарға көрсетіп, өз сыйлықтарымен мәз- мейрам болып қайтты. 

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа толқын шәкірттерін Отанымыздың өсіп өркендеуіне лайықты етіп дайындауда түрлі іс-шаралар өткізілді.Іс-шаралардың барлығы фейсбук желісіне және мектебіміздің сайтына жарияланып отырады.