16
апрель
2020
Балалардың карантин кезіндегі қауіпсіздігі туралы
Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекция жағдайларының тіркелуіне байланысты, инфекция ошақтарын оқшаулау мақсатында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде сыныптар арасында әр түрлі челлендж, видеороликтер, іс-шаралар интерент желісіне жолдануда. Төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтау үшін қоғамдық орындарда бетперде киіп, алыс қашықтықта жүріп, кәмелетке толмағандарды ересектердің еріп жүруі керектігі және қорғану құралдарынсыз қозғалуына жол бермеу, дезинфекциялау, жуу құралдарын қолдана отырып, үй жағдайында ылғалды тазалау жүргізу, қолды өңдеуге арналған санитайзерлер мен антисептиктер пайдалану туралы ата-аналарға, балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертіліп, жадынамалар таратылды. Ата-аналарға үйде оқытуды ұйымдастыруға арналған кеңестер берілді.Қиындықтан шығатын бірақ күш бар, ол бірлік. Карантин бойынша шектеу шараларын сақтайық!












































