12
февраль
2020
"Ауғаныстан жүректегі жара" ашық тәрбие сағаты туралы
Мектебімізде "Ауғаныстан-жүректегі жара" тақырыбында 6-10 сыныптардың қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Қонаққа ауылымызда ауған соғысына қатысқан азаматтарымыз Дүйсембаев Жақсылық Болысбайұлы, (Утепов Дулаттың) анасы Клепа Семенқызы, Бекиров Юсуф Сейфатович, Бороздин Данил Константитович шақырылып, елін жерін қорғаған азаматтарымызға арналған кездесу кеші болып өтті. Қонақтарымыз Ауғаныстан жерінде болған оқиғаларымен бөлісіп, болашақ ұрпаққа бейбітшілік өмір тілеп, лебіздерін білдірді. Оқушылар дайындаған ән-би жырларын арнап, азаматтарымызға елге аман-сау оралып, денсаулық тілеп батырларымызды мәңгі есте ұстап, құрметтеу керектігін айтып өтті.
өтті.





өтті.




