12
ноябрь
2020
"Қазақстан балалары - күзгі интерактив!"
Төле би атындағы орта мектебі "Қазақстан балалары - күзгі интерактив!" 2020-2021 оқу жылында күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша 6 қараша күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Кітаптар әлемінде» атты тақырыпта онлайн нысанда кездесу өткізілді.
Онлайн кездесудің мақсаты – мектеп оқушыларын әдеби кітаптарды оқуға баулу және өскелен ұрпақты қазақ халықының әдеби жауһарларын дәріптеп, қастерлеуге бағытталған.
Адамзаттың ұлы байлығының бірі – кітап. Ол – адамның көп ғасырлық ақыл-ойының жемісі. Кітапты талғап та таңдап оқи алу, оны терең түсіну, содан алған әсерді қажетке жарату – әркімнің білік-білімін, пайым-парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі де бірегейі. Кітап – қазына және оқырманның асып-тасымайтын асыл досы. Өйткені, онымен шын «дос» болған кісінің ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары болары сөзсіз. Кез келген елдің тарихын, жүріп өткен жолын баян ететін де сол кітап.
