Күзгі балл мерекесіне арналған «" Аяулы күз - Алтын күз ! » тақырыбында қашықтықтан өткізілген іс-шара » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі балл мерекесіне арналған «" Аяулы күз - Алтын күз ! » тақырыбында қашықтықтан өткізілген іс-шара
08
ноябрь
2020

Күзгі балл мерекесіне арналған «" Аяулы күз - Алтын күз ! » тақырыбында қашықтықтан өткізілген іс-шара

Күзгі балл  мерекесіне арналған  «" Аяулы күз - Алтын күз ! »
тақырыбында қашықтықтан өткізілген іс-шараның
АНЫҚТАМАСЫ
          Елбасының Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында   "Патриотизм  кіндік қаның тамған жеріне,өскен ауылына, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен,бауырында еңбектеп,қаз басқан қасиетті мекені,талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі еді"- деген сөздерін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында мектебімізде  әр түрлі іс-шаралар өтуде.
     Ұйымдастырушы педагог И.Б.Омарованың ұйымдастыруымен 1-4, 5-8, 
9-11 сыныптар аралығында қашықтықтан " Аяулы күз -Алтын күз" аясындағы  дәстүрлі күз мерекесі  өтті. Бұл мереке туған жерді қадірлеуге,табиғатты аялауға, дәнді - дақылдардың, жеміс жидектердің , көкөністерді ысырап етпеу,өнерлі, дарынды балаларға қолдау көрсету,қабілет-дарынын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
       Мерекелік кештің ережесі төмендегідей:
Мерекелік бейнероликтер 26-28 қазан күні жіберілді. Байқауға барлық сыныптар  қатысты. Нәтижесінде: 1-4 сыныптар арасында 1 Ә, 2орын 2А,Ә; 3орын 1Д,2Д,3А,4Г; 5-8 сыныптар арасында 1 орын 5А, 2орын 5Г,5Б,8А,6Б;
 3 орын 6В,6Г,6Д; 9-11сыныптар бойынша 1орын 11Б, 2орын 10Ә,10Б; 3орын 9А,9Г,11Ә сыныптар иеленіп, мадақтамалар және алғыс хаттармен марапатталды. 
      Мерекенің әсем де , әсерлі өтуіне мектеп оқушылары бар күш  жігерлерін салды. «Аяулы күз - Алтын күз" аясындағы  дәстүрлі күз мерекесі оқушылардың  бойында осындай жарқын әсер қалдырды.Іс-шара туралы мәлімет әлеуметтік желілерге және мектеп сайтына жүктелді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=804695960316776&id=100023291382931
                                                              Ұйымдастырушы педагог:    И.Б.Омарова