Үздік жас маман - 2016» байқауы
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, деп жырлаған Мағжан атамыз тұғыры биік еліміздің рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты жастарына әрдайым сеніммен қараған. Осы орайда биылғы 2016-2017 оқу жылында мектебімізге көптеген жас мамандармен толығып, жас
мамандарға, тәжірибелі
мұғалімдерден тәлімгерлер бекітілді.
Осындай шығармашыл жас мамандарды қолдап, олардың кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында «Үздік жас маман - 2017» байқауы
өткізілді. Байқауға он үш жас ұстаз қатысып, бес кезең бойынша өзара
бақ сынасты.
Сайыс
қатысушыларын бағалау үшін мектеп ішінен әділ-қазылар мүшесі құрылды:
Әділ-қазылар
алқасының төрайымы– Султанова Махаббат Тулегеновна
Ажибекова Камшат Борашовна – Директордың ҒӘЖ
Тазабекова Бұлбұл Сағадилдаевна –
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Бахбергенова Галия Мухаровна – өзін-өзі
тану пәні мұғалімі
Алимхожаева Шолпан Пазыловна – Бастауыш
сынып мұғалімі
Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты
шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз
кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерлерін жұмсауға баулу
мақсатында «Үздік жас маман» байқауының кезеңдерінде
ашық сабақтар өткізіп,
«Мамандығым-мақтанышым»
тақырыбында эссе жазды.
Жас мамандардың
ашық сабақтары жаңа технологиялық
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әрбір жас ұстаз өз пәні бойынша сабақ өткізу ерекшеліктерін көрсете білді. «Үздік жас маман-2017»
байқауының кезеңдеріндегі ашық сабақтан үздік шыққандар:
Сармурзаев Бахтияр
Фазлиева Фатима

Альжанов Рауан

Құтыбек Гулназ

Зұбайділдә Нұрсұлтан

Эссе жазуда
жас мамандарымыз, мұғалім мамандығы-ең алдымен жоғары дәрежедегі
тұрақты моральдық психо-педагогиканы
қажет ететін ерекше еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп, оқушылардың ойы мен
жүрегіне жол тапқан, педагогикалық шеберліктің қыр – сырын меңгерген ұстаз
екендігі туралы өз
ойларын жазды.
Педагогикалық-психологиялық сауалдарды шешу кезеңінде жас мұғалімдер
түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылармен, болмаса олардың ата-аналарымен
арада орын алатын түрлі жағдайларда қандай шешім қабылдау керектігін
түсіндіріп,әрқайсысы өздерінің алғырлығымен, ақылдылығымен,
ситуациядан шыға білді.
Байқаудың
соңғы кезеңінде байқау барысында
білімдері мен біліктерін және өнерлрін
жан-жақтықырынан көрсете білген
жас ұстаздарымызды бағалайбілген әділ қазылар байқаудың қорытындысын
шығарды.
Байқау қорытындысының нәтижесі бойынша «Үздік жас маман -2017» аталымының иегері математика пәні мұғалімі –Зұбайділдә Нұрсұлтан Ержанұлы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құтыбек Гулназ – І орын иегері.