18
март
2022
Төрлет әз Наурыз!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Ұлыстың ұлы күніне арналған «Төрлет Әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара және "Бар тіршілік Наурыздан басталған", "Нұр жауғызған, әз Наурыз" тақырыптарында ашық сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу




