Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі 2017-2018 оқу жылы Жаңа жылдық шырша мерекесін өткізілу іс-шаралары туралы Мәлімет
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі
2017-2018 оқу жылы
Жаңа жылдық шырша мерекесін өткізілу іс-шаралары туралы
Мәлімет
Мақсаты:
Жаңа жыл» мерекесі туралы түсінік беру, жанұялық және қоғамдық мерекелерге балалардың оң көзқарасын қалыптастыру, балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылғы 13 желтоқсан №1050 бұйрығының негізінде,мектепте өткізілетін жаңа жылдық шырша мерекесін өткізу іс-шаралары жасалынды.
Төле би орта мектебінде Жаңа жылдық шырша мерекесін өткізу мақсатында арнайы кесте жасалынып,бекітілді.
Кесте бойынша жауапты кезекші мұғалімдер бөлінді.
Мектеп жаңа жылдық мерекеге сәйкес безендірілді. Атап айтсақ 1-қабатта баннер ілініп,шырша қойылды.
Жылда шырша мерекесі өтетін спорт залы талапқа сәйкес безендірілді,үлкен шырша орнатылды.9-11 сыныптардың салған қабырға үн қағаздары ілінді.9-11 сынып аралығында қабырға үн қағаздары арасынан байқау жарияланып,орындар берілді. 1- орын 10 "б,в" сыныптары, 2-орын 11 "а",9 "в" сыныбы, 3-орын 9 "а,б" сыныптары мақтау қағазымен марапатталды.
27.12.17.күні болатын "Аудан әкімінің шыршасына" аз қамтылған отбасынан үш оқушы жіберілді.Олар қазақ ұлтынан
7 "ә" сынып оқушысы Базарбаев Ербол Махсетұлы , 6 "г" сынып оқушысы түрік ұлтынан Хамдиев Мурат Латифшоевич, 6 "б" сынып оқушысы орыс ұлтынан Белов Андрей Евгеньевич қатыстырылды.
Мектепшілік шырша кесте бойынша барлық сыныптарда уақытылы өткізілді. Мереке кезінде ешқандай келеңсіз оқиғалар орын алған жоқ.
Мектепшілік кәсіподақ ұйымының ұйымдастырған жаңа жылдық шыршасы 29 желтоқсан күні өткізілді.
Кәсіподақ шыршасына оқушылар,мектеп ұстаздарының балалары,аз қамтылған отбасылардан және көп балалы отбасылардан қатысты.



