25
май
2022
Соңғы қоңырау
Қонаев ауылы Төле би атындағы орта мектебі»КММ-де 2022 жылдың 25 мамыр күні «Түлектер -2022 жаңа Қазақстанның ертеңі» соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынға мектебіміздің 2002 жылы бітірген мектеп түлектері және ардагер ұстаздар, ата-аналар және мұғалімдер қатысты. 2002 жылы мектеп бітіргендерінен 20жыл толған түлектер «Мектепке тағзым» акциясын қолдап өз тараптарынан мектептің дамуы мен көркеюіне үлестерін қосып, көпшіліктің алғыстарына бөленді. Біз мектеп түлектерімен мақтанамыз! Салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. 11 сынып түлектеріне алдағы қортыныды аттестаттау емтихандарын және ҰБТ –ді сәтті өткізулеріне шын жүректен тілектеспіз! Сәт- сапар! Ақ жол! Болашақтарың жарқын болсын!





