01
февраль
2021
Жомарт түлек
Жамбыл облысы Шу ауданы Д. Қонаев ауылы Төле би атындағы орта мектебінде- Егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтуда игілікті істерімен тәуелсіз Қазақстан құру жолында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, “Тylек KZ “жобасы бойынша мектеп түлектерінің «Мектебіме тағзым» атты акциясы жалғасуда. Бүгінде ірі кәсіпкерлікте жүрген түлектеріміз Б. Даулетқожаев, Е. Алпысбаев, М. Сартиев өздері білім алған, мектепке - "ТҮЛЕКТЕР ТАҚТАСЫ" стендін жасап және мектептің АКТ ЗАЛЫНЫҢ сахнасы мен терезесін соңғы үлгідегі дизайнмен безендіріп берді.
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан мектеп жанынан кіші футбол алаңын салып, бастау алған жыл бойы жалғасатын акцияның мақсаты; мектеп түлектерінің білім ордасының өміріне бей-жай қарамай, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, алғыс сезімдерін қалыптастыру. Өз мектептерінің дамуына үлес қосып, қолдан келгенше қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп жатқан түлектер оқушылармен тәрбие жұмысында да оң әсерін тигізеді. Тіпті акцияға қатысудың өзі туған мектебіне көмек көрсетудің керемет үлгісі.
Патриоттық сезімнің үздік үлгісі - туған жеріне, мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет көрсету. Әрбір азаматтың өмірінде табысқа жетуі туған мектеп пен мектеп мұғалімдеріне қарыздар деп айтуға болады. Сол себепті түлектеріміздің алтын ұя мектептерін естен шығармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы көңіл қуантады. Түлектерімізге мың алғыс!


