":Математика,физика информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында пәндер айлығы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ":Математика,физика информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында пәндер айлығы
20
январь
2022

":Математика,физика информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында пәндер айлығы

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика, физика және  информатика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады.  Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты - пәндік айлық болып саналады.  
Төле би атындағы орта мектебінің бақылау мен басқару жоспарына сәйкес қантар айының 20 күні ":Математика,физика информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында  пәндер айлығының ашылуы салтанаты өтті.
Айлықтың мақсаты:математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи  тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты  дамыту.
Ашылу барысында " Робототехника' үйірмесінің жетекшісі А.Макашев, жаңадан құрастырылған роботтың көмегімен "Шанхай мұнарасын" құрастырды.