Коучинг "Тиімді кері байланыс және рефлексия » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Коучинг "Тиімді кері байланыс және рефлексия
11
март
2022

Коучинг "Тиімді кері байланыс және рефлексия



Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін  арттыру  жоспарына сәйкес  11 наурыз күні Төле би атындағы орта мектебінде "Тиімді кері байланыс және рефлексия"  тақырыбында тарих пәні мұғалімі Р.А.Мамбетованың ұйымдастыруымен  коучинг өтті.
Мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс  пен рефлексия жайлы,оның түрлері,әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау .Оқушылардың көңіл- күйіне,сабақтағы іс-әрекетке ,оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Коучинг барысында мұғалімдер көптеген әдіс -тәсілдермен танысып ,оларды тәжірибе жүзінде қолдану жолдарын қарастырды. Сонымен қатар коучинг барысында  мұғалімдер сабақта қолдануға арналған  формативті бағалаудың түрлерін қолданып, бір- біріне кері байланыс  беріп отырды.Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге жеткізгендігі туралы ой -пікірін таңдауға негізделеді.Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың  өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.Рефлексия мақсаты еске түсіру ,өзінің сабақ бойындағы іс -әрекетіне баға беру,талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.
.Мұғалімдер көптеген мәлімет алып өз біліктіліктерін арттырды.Осы алған ақпаратты өз сабақтарына жүйелі қолданамыз деп ой  бөлісті.