адалдық алаңы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2020

адалдық алаңы



Төле би атындағы орта мектебі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша  департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі және «Жастарды әлеуметтік және тұрақты дамыту қоры» Қоғамдық қоры, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жастарды әлеуметтік және тұрақты дамыту қоры» Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып мектеп оқушылары арасында парасаттылық, әділдік, адалдық құндылықтарын насихаттау,  бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды  үздік сыныпты анықтау мақсатында «Үздік сынып» онлайн байқауы өткізілді.. 
Байқаудың мектепішілік кезеңіне 13 сынып қатысып жүлделі орындарға ие болып, "Үздік сынып" дипломдарымен  марапатталды.ОЛАР:
1 орын 3"А" сыныбы
2 орын 7"а" сыныбы, 9"а" сыныбы
3 орын 3"ә" сыныбы, 2"ә" сыныбы, 9"г" сыныбы.
Қалған сыныптар номинациялармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Аудандық кезеңге парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз деп танылған 3 сынып қатысуға жолдама алып, нәтижесінде 3"а" сыныбы " Өнерлі сынып" номинациясында жеңімпаз атанып, дипломымен марапатталса, 7"а" сыныбы және 9"а" сыныбы алғыс хаттарымен марапатталды.