2020-2021 оқу жылы "Парасатты отбасы" байқауы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020-2021 оқу жылы "Парасатты отбасы" байқауы
05
ноябрь
2020

2020-2021 оқу жылы "Парасатты отбасы" байқауы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша "Жамбыл-адалдық алаңы" жобалық офисінің бастамасымен Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен   қоғамда парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау және өңірдегі үлгілі, үздік отбасыларды анықтау мақсатында "Парасатты отбасы" байқауы өткізілді.
Байқаудың мектепішілік кезеңі  қазан айында онлайн түріде өткізілді. 18 отбасы қатысып, олардың ішінен 8 отбасының бейнероликтері іріктеліп, аудандық кезеңге жіберілді. Қалғандары мектеп алғыс хаттарымен марапатталды. Аудандық кезеңге жіберілгендер, олар: Алдижановтар әулеті, Каримовтар отбасы, Ербол (Көрпебаевтар) отбасы, Абдуллаевтар отбасы, Мустапаевтар отбасы, Карповтар отбасы, Есімбековтер отбасы, Тагировтар әулеті. 
Аудандық кезеңде 195 отбасы бақтарын сынады. Нәтижесінде үздік 30 отбасының жұмыстары марапатталды.
 Біздің мектебімізден аудандық кезеңнен орын алған Тагировтар отбасы "Ең салауатты отбасы" номинациясында жəне Ербол отбасы "Шеберлер отбасы" номинацияларымен  марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Ал қалған Алдижановтар әулеті, Каримовтар отбасы, Абдуллаевтар отбасы, Мустапаевтар отбасы, Карповтар отбасы, Есімбековтер отбасылары аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.