Қамқоршылық кеңесі » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2018

Қамқоршылық кеңесі

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының


№ ХАТТАМАСЫ
Қонаев ауылы 23 қараша 2018 жыл Қатысқаны: 15

Күн тәртібінде:
Қамқоршылық кеңес алдында мектеп директорының есебі
Тындалды:
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылғы 13 ақпандағы «Білім беру ұйымдары жанынан қамқоршылық кеңестер құру және оның құрамын бекіту туралы» №109 бұйрығымен бекітілген Төле би атындағы шағын орталықты орта мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңесі алдында мектеп директоры М.Т.Султанова күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз есебін мектептің жалпы сипаттамасынан,педагогикалық кадрлардың сандық және сапалық құрамынан бастап талдау жасады. Мұғалімдердің білімі бойынша сапалық құрамы төмендегідей:
Жоғары білімімен – 99(83%)
Арнаулы орта білімімен – 20 (17%)
Күндізгі оқу бітіргендер -44(34%)
Сырттай -75( 65%)мұғалім
Жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің үлесі 55 % құрайтындығын айтты.Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша инновациялық бағыттағы жұмыстар жүргізіліп,жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 58 мұғалім біліктілігін арттыру курстарын аяқтап келгендігін де тілге тиек етті.Пән олимпиядаларының үш жылдық көрсеткішіне тоқталып,ҰБТ көрсеткішінің де соңғы үш жылда жоғары екендігін айтып өтті.Сонымен бірге мектептегі тәрбие жұмысына,құқық бұзылушықтың алдын-алуға байланысты өткізілген іс-шараларға,жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен ыстық тамақпен қамтылған балалар,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы,оларға көрсетіліп жатқан көмектер жайлы,мектеп кітапханасындағы кітап қоры,оқушылардың кітаппен қатылуы туралы да толық мағұлмат берді. Балалардың мектепке дейінгі білім берудегі оқытудың тиімділігін арттыру, тәрбие жұмысын жетілдіруге орай мектеп жанынан ыңғайластырылып ашылған шағын орталықтың жұмысына және онда қызмет атқарып жатқан педагог кадрлардың сапалық құрамына да тоқталды.Сөзінің соңында мектептің әлеуметтік төлқұжатына тоқталып,мектептің материялдық базасын айта келе,мектептің жөндеу жұмыстарының жыл сайын жасалғанымен мектепті күрделі жөндеуге кіргізуге кеңес мүшелерінің атсалысуын өтінді.
Кеңес мүшелері мектеп директоры М.Т.Султанованың есебін бірауыздан қанағаттанарлық деп бағалады.
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы : Ш.Х.Қасымбекова

 Шу ауданы әкімдігінің
 білім бөлімі басшысының
 2018 жылғы «13» ақпандағы
 №109 бұйрығынан



Қонаев ауылындағы Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі жанынан қалыптастырылған «Қамқоршылық кеңес» құрамы

1. Қайранов Болат - «Олжабай» жеке шаруа
Алпысбайұлы қожалығының басшысы, қамқоршылық кеңес төрағасы;

2.Түсіпбеков Темірлан - Қонаев ауылының әкімі;
Түменбайұлы

3. Мұстафаев Ваид - Қонаев ауылы мешітінің
имамы;

4. Нұрғали Жаңабек - Қонаев ауылдық ақсақалдар
Олжабайұлы кеңесінің төрағасы;

5. Досымбеков Байдаулет - Қонаев ауылдық ақсақалдар
кеңесінің мүшесі;

6. Оспанов Жұмахан - «Нұр» ЖШС-ның басшысы;
Зәукетайұлы

7. Жораев Алишер - Қонаев ауылының дәрігерлік
Бахадурович амбулаториясының
бас дәрігері;

8. Үлкенбаев Бауыржан - ауыл инспекторы;

9. Садырбаев Мұхит - жеке кәсіпкер;

10. Дүйсенбаев Тоқтамыс - жеке кәсіпкер;
Қиғамбекұлы

11.Кезеңғараева Күләйхан - зейнеткер мұғалім;
Сағадиқызы

12. Арыстанқұлов Мирас - Қонаев ауылы әкімі
Маратұлы аппаратының жетекші
маманы;

13. Михыбаева Гүлмира - ата-аналар комитетінің төрайымы;
Балтабайқызы

14. Қасымбекова Шолпан - Қонаев ауылы әкімі
Хамзақызы аппаратының маманы;
( хатшы)


Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі
 2018-2019 оқу жылындағы
« Қамқоршылық » кеңестің жылдық жоспары