жаратылыстану ашық сабақ 2 ә сынып Мұғалімі Жолдыбекова Г.М.
Білім беру ұйымының атауы | Төле би орта мектебі | ||||
Пәні: | Жаратылыстану | ||||
Бөлім: | Заттар және олардың қасиеттері | ||||
Педагогтің аты-жөні: | Жолдыбекова Г.М. | ||||
Күні: | 22.12.2021ж | ||||
Сынып: 2 «ә» | Қатысушылар саны; 18 | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Су. Судың түрлі күйі | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 2.3.3.1. – судың физикалық қасиеттерін анықтау. 2.3.3.2. - судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттеу. 2.1.2.2. –бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, мерзім, нәтиже) | ||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: * Судың дәмсіз, иіссіз, аққыш күйде болатынымен танысады. * Судың (сұйық) мұз, бу күйде болатынымен танысады. * Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың басым бөлігі: *Алған білімдерін өмірде қолданады. *Оқулықтағы берілген суреттерді сипаттап, салыстырады. Кейбір оқушылар: *Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Табиғатта судың түрлі күйлерін қай жерден кездестіруге болатыны жайлы мысал келтіреді. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың Кезеңі,уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Ұйымдастыру | Психологиялық дайындық: -Сәлеметсіздерме балалар! Топтардың атауларын анықтау. Жұмбақтар жасыру. | Балалар үш тілде амандасады. Білім алушылар жұмбақтың жауабын таба отырып,өз топтарының аттарын анықтайды. | Топтардың аттары жазылған парақшалар | ||
Сабақтың басы | Судың дыбысын тыңдау. -Балалар бұл ненің дыбысы? -Дұрыс айтасыңдар. Сонда бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін? -Дұрыс айтасыңдар. Сумен байланысты. «Ширату жаттығуы» Шарлардағы сұрақтарға жауап беру. Атмосфера дегеніміз не? Ауаның қасиеттерін ата? Ауаны нелер ластайды? Қазақстанның қандай өңірлерінде қарағай ормандары бар? Ауаны тазартуға нелер көмектеседі? Ауа адамға ғана қажет па? | Видеоны тыңдай отырып, дыбысты анықтайды. Шарларды жару арқылы сұрақтарға жауап береді. | 2 балл | Интерактивті тақта Шарлар,тапсырмалар | |
Жаңа білім | «Сөз шебері» әдісі Әр топқа тапсырмалар беру. 1-топ: Мөлдір заттар 2-топ: Су тамшылары 3-топ: Табиғи су көздері Дескриптор: -Мөлдір заттарды анықтайды, түсіндіреді. -Тамшыларды қай кезде көруге болатынын айтады. -Табиғи су көздерін атап, сипаттайды «Су тамшыларын жинау» тапсырмасы Мұнда білім алушылар тәжірибе жасайды. 1-топ: Судың еріткіш қасиеті туралы тәжірибе жасайды. 2-топ: Судың түсі,дәмі туралы тәжірибе жасайды. 3-топ: Судың пішіні туралы тәжірибе жасайды. Дескриптор: -Тәжірибе жасай отырып,қорытынды шығарады. Дәптермен жұмыс. 29.30.31-жұмыс парақтары 1-топ: «Су –табиғат кереметі» тапсырмасы 2-топ: «Мұзда қалған өсімдіктер» 3-топ: «Сиқыршы су». Дескриптор: -Суретке сәйкес келетін сөздерді табады, бояйды. -Судың түрлі күйлерін анықтайды. | Әр топ өздеріңе берілген тапсырмаларды орындайды,қорғайды. Әр топ өздеріңе берілген тапсырмалар бойынша тәжірибе жасап, қорытындысын айтады. Әр топтағы білім алушылар өздеріңе берілген тапсырмаларды орындайды. | 2 балл 2-3 балл 2 балл | Плакаттар, түрлі түсті карандаштар. Тәжірибеге қажетті заттар: стакан, түтікше, тұз,қант, бор т.б Жұмыс дәптерлері, қарандаштар. | |
Сабақтың соңы. Бекіту | «Сен білесің бе?», «Ойыңмен бөліс» айдары 1-топ: «Беткі қабатта» Мұзтаулар туралы айтады. 2-топ: «Есте сақта!» табиғатта мұз бен буды қайдан кездестіруге болады? 3-топ: «Сен білесің бе?» ыстық бұлақтар жайлы айтады. Обратная связь: «Қол белгісі» әдісі Бас бармақ- өзімді қалай сезіндім? Балан үйрек- басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек- бүгінгі көңіл күйім қандай? Шылдыр шүмек- бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек- бүгін не үйрендім? | Әр топтың білім алушылары өз айдарлары бойынша білетіндерін айтады. Тапсырма бойынша ой қорытып, сабаққа рефлексия жасайды. | 1-2 балл | Фотосуреттер жинағы | |