Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті
04
январь
2020

Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Мектеп: Төле би атындағы ш.о.о.м

6.2 X-XIII ғасырдың басындағы Қазақстан

Күні:  18.12.2019ж.                                                            Мұғалімнің аты-жөні: Камалова Ұ.Х

Сынып: 6«Ә»                                                                     Қатысқандар:          Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.2  Әл-Фарабидің  және басқа да ғалымдардың ортағасырлық    ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;

6.2.2.4  Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашқари, Ж.Баласағұн және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру;

6.2.3.3 «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындайды: Түріктердің материалдық және рухани мәдениетін біледі, түсінеді. Ортағасырлық ғалымдар жайлы біледі, түсінеді.Ортағасырлық ғалымдардың ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтайды; (білу,түсіну)

Басым бөлігі орындайды: Ортағасырлық ғалымдардың еңбектерін сипаттайды, талдайды. Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашқари, Ж.Баласағұн және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын сипаттайды; (қолдану,талдау)

Кейбір оқушылар орындайды: «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөліне баға береді, талдайды, бағалайды; (талдау,бағалау)

Бағалау критерийі

 Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн және А.Яссауи жайлы біледі,түсінеді.Ортағасырлық ғалымдардың ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтайды;

 М.Қашқари, Ж.Баласағұн және А.Яссауидің еңбектерін атайды,сипаттайды,талдайды.Еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіреді;

● «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтайды, талдайды, бағалайды;


Тілдік мақсаттар


●Мәдениет,рухани мәдениет,интеграция- термин сөздерінің анықтамасын дәптерлеріне жазады. (жазылым дағдысы)

●Bilimland ресурсынан – тыңдалым дағдысы қалыптасады.

●Мәтінмен жұмыс кезінде – оқылым,айтылым,жазылым дағдылары қалыптасады.

●«Кестемен жұмыс», «Балық қаңқасы» әдістері арқылы – жазылым,айтылым  дағдылары қалыптасады.

● «Құтты білік», «Диуани хикмет», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кодекс Куманикус»


Құндылықтарға баулу



-сын тұрғысынан ойлау;

-қарым-қатынас жасау қабілеті;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен   қарау;

-шығармашылыққа баулу;


Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы,Өлкетану,Қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім


Алдыңғы білім «Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті»  Bilimland ресурсын пайдаланып алдыңғы тақырыпты еске түсіремін.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



         5 мин.

Білім алушылармен амандасып,сыныпты түгендеймін. Сыныпты ортағасырлық ғалымдардың фотосуреттері арқылы арқылы 4 топқа бөлемін.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу.

«Миға шабуыл»  әдісі арқылы   «Мәдениет» дегеніміз не?- «Мәдениет нешеге бөлінеді?» -деген ашық сұрақтар қоя отырып,окушыларға ой тастаймын. Ортағасырлық ғалымдардың суреттерін,еңбектерін көрсетемін. Топта талқылап,бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын анықтаймын.



«Аялы алақан»

Тренинг.

 

 

Сабақтың ортасы





        30 мин.

Барлық оқушылар орындайды: Bilimland ресурсынан «Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті» жайлы видеоролик көрсетемін,қосымша мәтін таратамын.Көргендерін мәтінді оқып салыстырады. «Мәтінмен жұмыс» әдісі

 топта мәтінді оқып талқылайды

1 – тапсырма: Топтық жұмыс

Ортағасырлық ғалымдарға сипаттама беріңдер. Ортағасырлық ғалымдардың ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтаңдар

1 – топ      Әл-Фараби

2 – топ      М.Қашқари

3 – топ      Ж.Баласағұн

4 – топ      А.Яссауи


Дескриптор:білім алушы –

  • Ортағасырлық ғалымдарға сипаттама береді;
  • Еңбектерін атайды;
  • Ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтайды;
  • Топта мәтінді талқылайды;
  • Постерге сызады,қорғайды;
  • Топтар бірін-бірі бағалайды;



Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам

                                                               

Басым бөлігі орындайды: «Кестемен жұмыс»

2 – тапсырма:

Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн және А.Яссауидің еңбектерінің бірін кестеге толтырыңдар.Еңбектерінің маңыздылығын анықтап,тарихи құндылығын түсіндіріңдер.

Кесте

Ғалымдар-дың аты

Еңбектері

Еңбектерінің маңыздылығы мен құндылығы

Әл-Фараби



М.Қашқари



Ж.Баласағұн



А.Яссауи




Дескриптор:білім алушы –

  • Ортағасырлық ғалымдардың еңбектерін атайды;
  • Ортағасырлық ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығын анықтайды;
  • Еңбектердің тарихи құндылығын түсіндіреді;
  • Мәліметтерді кестеге түсіреді;


Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам




Кейбір оқушылар орындайды: «Балық қаңқасы» әдісі

Топтық жұмыс

3 – тапсырма:Көрсетілген видеоролик және оқулыққа сүйене отыра, «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтап, талдап,баға беріңдер


1 – топ   «Кодекс Куманикус» сөздігінің шығу тарихы

«Кодекс Куманикус» сөзінің мағынасын анықтаңдар

2 – топ      «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөліне баға беріңдер

3 – топ      Сөздікпен жұмыс (Мысалы тарихқа қатысты сөздерді жасырамын,соны тауып үш тілге аударады.Қазақша-орысша-ағылшынша)

4 – топ      Бақылаушы топ

Дескриптор:білім алушы –

  • «Кодекс Куманикус» сөзінің мағынасын анықтайды;
  • «Кодекс Куманикус» сөздігінің шығу тарихы туралы постерге түсіреді;

        -   «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық             байланыстардағы рөлін талдап, баға береді ;

  • Еңбектің тарихи құндылығын түсіндіреді;
  • Жасырылған сөзді табады,үш тілге аударады;
  • Бақылаушы топ бағалайды;


Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам


4 – тапсырма Жеке жұмыс 

Семантикалық кестені белгілеңіз          

Сұрақтар

Ия

Жоқ

Әл-Фараби бірінші ұстаз



Еуропалықтар қыпшақтарды кумандар деп атады



«Ұлы хасс хаджип» деп М.Қашғариді атады



«Құтты білік» Әл-Фарабидің еңбегі



Махмуд Қашғари ұлы түркі филологы



Яссауидің ұстазы Арыстан баб



«Кодекс Куманикус» 1303 жылы жазылды



Bilimland ресурсы,


Оқулық,


таратпа материалдар


Интерактивті тақта


А3 форматтағы қағаздар


маркерлер


стикерлер


карта






































https://www.youtube.com/watch?v=6ifTZp_7tSM



Сабақтың соңы




         5 мин.


Обратная связь. Жазбаша бағалау

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді







Бағалау парақтары

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексізСіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? 

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
 
 
 

Барлық оқушылар орындады: Bilimland ресурсынан «Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті» жайлы видеоро- ликтен көріп, «Мәтінмен жұмыс»әдісі арқылы топта мәтінді оқып талқылап, түріктердің  рухани мәдениетін анықтады. Ортағасырлық ғалымдарды атады. Ортағасырлық ғалымдардың ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтады. Басым бөлігі орындайды: «Кестемен жұмыс» әдісі арқылы жұптық жұмыс жасай отыра, Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн және А.Яссауидің еңбектерінің бірін кестеге толтырды. Еңбектерінің маңыздылығын анықтап,тарихи құндылығын түсіндірді. Кейбіроқушылар  орындайды: «Балық қаңқасы» әдісі арқылы

топтық жұмыс жасай отыра,«Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтап, талдап,баға берді. 

Семантикалық кестеге берілген ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін белгілеп жеке жұмыс атқарды.


ҚБ. «Бағдаршам» әдісі

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі





«Ауызша бағалау» барысында «Жақсы», «Өте жақсы», «Талпын»деген сөздерді пайдалана отырып,оқушыларды ынталандырып отырамын.



Обратная связь. Жазбаша бағалау


БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді







Сабақта оқушыларға қауіпсіздік ережесімен таныстырамын.





















Сабақ бойынша рефлексия 


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?