"Қыз Жібек" қыздар клубы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
13
декабрь
2021

"Қыз Жібек" қыздар клубы

 Төле би атындағы орта мектебінде "Қыз Жібек" қыздар клубының жетекшісі А.Ақжолованың ұйымдастыруымен  8 сыныптың қыздарымен «Қазақ қызы деген атқа лайық болайық» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.  
        Кездесу барысында клуб жетекшісі дайындаған мәліметтерімен  таныстырып, сұрақ жауап  арқылы қыздарды екі топқа бөліп, өзара пікір талас болды.  Мектебіміздің президенті Бақберген Толғанай өз ойын ашып айтып, біраз ұсыныстар жасады. Алдағы уақытта бірігіп жұмыс істеуге келістік. Қазақ қызы дегенде қос бұрымымен, бүрмелі көйлегімен, жүзінде иба мен ұят табы бар аруды елестететінбіз. Ал қазір ше? Ұлттық киімді емес, жалпы келбетті алайық. Біз нағыз қазақ қызын сақтай алдық па? Мәселен, біздің «Қыз Жібек» клубы осындай мақсаттан құрылды емес пе?! Нағыз қазақ қызын қалыптастыруда бірімізге біріміз әсер ету үшін бас қосып, пікір алмасып,  қыздармен кездесіп, ақылдарын тыңдап, толғандырып жүрген сұрақтарды ортаға салып, бірге жұмыс атқарып жатырмыз.