18
февраль
2022
"Қыз Жібек" қыздар клубы
Ақпан айының 18 күні Төле би атындағы орта мектебінде 8 - 9 сыныптың қыздарымен «Ар абыройыңды жасыңнан сақта» тақырыбында баяндама талқыланды. Бакеева Жания, Бахберген Толғанай, Абдуман Жанерке тақырыпты жан жақты ашып, қосымша деректермен толықтырды. Осы тақырыпқа мектебіміздің «Қыз Жібек » қыздар клубының жетекшісі А.Б.Ақжолова мәлімет дайындап, 8 сынып қатысушылары да өздерінің пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында клуб жетекшісі дайындаған мәліметтерімен таныстырды және біраз мысалдар келтіріп өсиет әңгімелер де айтылды.
Мақсаты: «Ар» ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу, ұят, ар, намыс туралы түсінік беру; сыпайы қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту; ұяты бар, арлы болуға тәрбиелеу.

