қорытынды аттестаттау » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
27
февраль
2020

қорытынды аттестаттау

Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінің 2019-2020 оқу жылының I   жартыжылдықта  қорытынды аттестаттауға  дайындық жұмысының есебі туралы  мәлімет

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау  жүргізудің үлгі ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19 тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағыидық бақылаудың , оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.

Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080  қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш ,негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекіттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9,11 сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

 Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау форматымен таныстыруға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес ,Төле би атындағы  шағын орталықты орта мектебінде төмендегідей іс- шаралар атқарылды:

1. 2019-2020 оқу жылының мектеп бітірушілері арасында МҚА таныстыру жұмыстары жүргізілді.

2. Жалпы мектепішілік ата-аналар түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3. 11-сынып оқушыларының ата-аналары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

4. Мектеп ішінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарына арналған ақпараттық стендтерге керек мәліметтер ілінді.

Қорытынды аттестаттау   форматы жөнінде  ата – аналар жиналысында мектеп директоры М.Т.Султанова   сөз сөйледі.Мектеп директоры өз сөзінде ата – аналарды биылғы енгізілген  «Орта ,техникалық және кәсіптік, орта біліммен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды ,оларды аралық және қорытынды аттестатауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықпен таныстырып өтті .  Қазақстан   Республикасы  Білім  және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы  № 125 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу   тізілімінде  № 5191 болып  тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы  30   мамырдағы  № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар туралы ,    бұйрықпен  таныстырды.                   Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

13-1 және 13-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылды   «13-1.Формативтік бағалау кезінде мұғалім сабақта кері байланысты жүзеге асырады. Педагог білім алушылардың санын, кері байланысты беру нысанын және  жиілігін дербес  анықтайды.13-2. Формативті бағалау нәтижелері басып шығару мен одан әрі сақтауды талап  етпейді. Формативті  бағалаудың  нәтижелерін ұсыну білім алушылар орындаған жұмыстарда және/немесе педагогтің комментарийлері арқылы электрондық журналдарда жүзеге асырылды.»; 14-3, 14-4, 14-5 және  14-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылды  «14-3. БЖБ және тоқсандық жұмыс үшін жиынтық бағалауға (бұдан әрі - ТЖБ) қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген жер, сондай-ақ оқу тапсырмалары мен есептер шарттарын ресімдеу сапасы есептелмейді. 

14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

15-тармақ мынадай редакцияда жазылды «15. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық», «Қоғам және дін», бастауыш сыныпқа арналған «Информациятық-коммуникативтік технология» пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық», «Қоғам және дін», бастауыш сыныпқа арналған «Информациятық-коммуникативтік технология» пәндері бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.»; мынадай редакциядағы 15-1 және 15-2) тармақтармен толықтырылды 

«15-1. 10-11-сыныптарда инвариантты компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейінің пәндерін таңдау кезінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндерінен басқа пәндер бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.

Вариативті компонент сағатының есебінен таңдалған    10-11-сыныптардың оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 15-2. Қысқартылған оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарларын таңдаған жағдайда БЖБ саны 14-4-тармаққа сәйкес жүргізіледі.

Вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-9-сыныптардағы оқу пәндері бойынша  (инварианттық компоненттегі таңдау пәндері) жиынтық бағалау өткізілмейді,оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылды  «20. Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады.»; 37-тармақ мынадай редакцияда жазылды   «37. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі: 1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; 3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан; 4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.»; 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылды «40. 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары(бұдан әрі – білім басқармалары), республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары және мектептердің 11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дайындайды. Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.

41. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өткенге дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша  қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.»;   46-тармақ мынадай редакцияда жазылды: «46. Эксперименттік алаң болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуларын аяқтаған бітірушілерге (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ бітірушілері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «НЗМ» ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ұлттық біріңғай тестілеу (бұдан әрі – ЕНТ) балдарына ауыстыру шәкіліне сәйкес «НЗМ» ДББҰ бітірушілерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ЕНТ балдарына ауыстыру негізінде ЕНТ сертификаттары беріледі.»;  49-тармақ мынадай редакцияда жазылды:  «49. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын мектептер дербес әзірлейді. Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат беріледі. Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған
 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады.Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған
 11 (12)-сынып оқушылары № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманы алады.
»; 51-тармақ мынадай редакцияда жазылды «51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының   2010 жылғы   23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №669 болып тіркелген) бекітілген
 № 035-1/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты; 

3) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғ 23 қазандағы
 № 502 
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының оқу үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі – табель) телслабовидящих және көшірмесі. Табельдің түпслабовидящих оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.


Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.»;                                           54-тармақ мынадай редакцияда жазылды   «54. Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер шетелде оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан өтеді.

Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектептегі комиссияның шешімімен аталған бітірушілер «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
 8 қарашадағы № 500 
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәндері бойынша шетелде оқымаған пәндерінен аттестаттаудан өтеді.  Қорытынды аттестаттау өткізу мерзімі педагогикалық кеңес шешімімен белгіленеді. Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып,  № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және сол жақта білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде 10 (11) және 11 (12) сыныптарда білім алу кезінде оқыған пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары және қорытынды аттестаттау бойынша бағалары «5» болған түлектерге № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі. Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және сол жақта білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде 5-11 (12) сыныптар аралығында оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған және қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен түлектерге № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.»;   58-тармақ мынадай редакцияда жазылды

«58. 9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.»;


62-тармақ мынадай редакцияда жазылды

«62. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.Математика (алгебра) пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.

9 (10) сыныпта жұмыстар балл қою схемасына сәйкес тексеріледі.

11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім курсы үшін математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.Эссе қорытындысы бойынша орфография мен грамматика үшін баға тілдік пәндер бойынша қойылады, мазмұны үшін баға әдебиет бойынша қойылады. Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау үшін таңдау пәндері тізбесінен әдебиетті таңдаған жағдайда баға тек осы пән бойынша қойылады.»;  64-тармақ мынадай редакцияда жазылды

«64. Ауызша емтиханда 11 (12) сыныпта жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билетбойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).»;   69-тармақ мынадай редакцияда жазылды   «69. 11 (12) сыныптарда әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихандар, тестілеулер өткеннен кейін Комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағалары мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасына енгізеді.9 (10) сыныпта Комиссия білім алушыларға балдар мен емтихан бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу курсы үшін емтиханның қағаз және электрондық хаттамасына енгізеді.9 (10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.»;

71-тармақ мынадай редакцияда жазылды

«71. Білім алушылардың 11 (12) сыныпта ауызша емтиханда алған бағалары оларға осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады.Білім алушының жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы төрағасының қатысуымен оған жазба жұмыстарын тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.»;73-тармақ мынадай редакцияда жазылды   «73. 9 (10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70%пайыздық арақатынаста қойылады.Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.

11 (12) сыныптарда пән бойынша қорытынды бағаларды шығарған кезде келесі ережелер басшылыққа алынуы тиіс:

1) пән бойынша қорытынды баға ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жартыжылдық) бағалары ескеріле отырып, жылдық және емтихан бағалары негізінде анықталады (емтихан бағалары «4» немесе «5» болған кезде ескеріледі);

2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған кезде оң қорытынды баға қойылмайды;

3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары қойылмайды;

4) егер 11 (12) сыныптарда инварианттық компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейлерінің пәндері таңдалмаған жағдайда, жалпы орта білім туралы аттестатқа осы пәндер бойынша 9-сыныпта алған қорытынды бағалары қойылады.»;

80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылды

«80. Мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) 11 (12) сынып білім алушыларының таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ҰТО филиалына жолдау;

3) қорытынды аттестаттау өткізу, сондай-ақ қорытынды аттестаттауға білім алушыларды даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

5) жазбаша емтихан жұмыстары аяқталғаннан кейін Хаттаманың электронды слабовидящихн білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;

6) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

7) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанынан қалыптастырылған Комиссия қарауына (республикалық мектептер Министрлік жанынан қалыптастырылатын Комиссия қарауына) білім бөлімдері арқылы жолдау;

8) осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкіліне сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын бағаларға ауыстыру;

9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.

81. Аудандық, қалалық білім бөлімі жанынан қалыптастырылатын Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттест аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; 

3) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанынан қалыптастырылатын Комиссия қарауына жолдау;

4) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.»;

81-1 және 81-2-тармақтармен толықтырылсын: 

«81-1. Управления образования жанынан қалыптастырылатын Комиссиялар келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

4) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін мектептерге жолдау;

5) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

81-2. Министрлік жанынан қалыптастырылатын Комиссия келесі
 іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) республикалық мектептердің жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

4) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін республикалық мектептерге жолдау;

5) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.».


1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі,екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

5) Таңдау бойынша бір пәннен(физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды)тестілеу.

Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді.

Мектеп директоры сонымен қатар МҚА – оқушылардың білім сапасы, іскерлігінің деңгейі ғана емес, болашақ мамандығына, келешек өміріне алар жолдамасы екенін, мектеп бітірушілердің алдындағы міндеттер мен жауапкершілік, адами құндылықтар туралы айтып өтті. Жасөспірімдердің қазіргі заман талабына сай болуының қажеттілігіне ата – ананың рөлі ерекше екені айтылып,   әрбір оқушының пән бойынша жетістіктері мен осал тұстарын ата – аналар да жете білуге тиіс, мектепте өтетін қосымша сабақтарға, курстарға оқушылардың үнемі қатысып отыруын ата – ана да қадағалауға міндетті екендігі ескертілді. 


Қорытынды  аттестаттау -  білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Қорытынды аттестаттау өткізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы негізінде мектепте Комиссия құрылды .

Комиссия құрамы төмендегі мүшелерден бекітілді:

1.М.Т.Султанова-Комиссия төрайымы;

2.Ш.К.Сыздыкбаева-Комиссия төрайымының орынбасары;

3 Г..Михыбаева - ата-аналар комитетініңтөрайымыі;

4.И.Б.Омарова –география пән мұғалімі;

5.Г.Б.Арғынбаева-қазақ тілі пән мұғалімі;

6.С.В.Маслова- орыс тілі пән мұғалімі;

7.Н.Е.Зұбайділдә- математика пән мұғалімі;

8.Тазабекова Б.С.-ағылшын тілі пән мұғалімі;

9.Абдрахманова С.М.-физика пән мұғалімі;

Хатшы:  Жолдыбекова Г.М.

Мектеп жанында құрастырылған қорытынды аттестаттау өткізу үшін Комиссияның іс-шаралары жасалып, бекітілді.

Биылғы оқу жылында 11-сыныпта барлығы 60 оқушы оқып жатса, оның 31 қазақ сыныбында, 29-ы орыс сыныбында оқиды. Барлығы да МҚА қатысады.  

Қорытынды аттестаттау бойынша таңдаған пәндер:


Физика /қаз. сын./- 9 оқушы;

Биология /қаз.сын./-22 оқушы;

Биология/орыс сын./-13 оқушы.

География/орыс сын./-16 оқушы



Қорытынды  аттестаттауға   дайындық барысында  қазақ тілі пәнінен 11 сынып оқушыларынан 3 рет эссе (көлемі 250-300 сөз) алынды,орташа   білім сапа-65%. Дайындық   барысында эсселердің тақырыбын ашу барысында, аргументтер мен фактілерді келтіруде, оқушыларға біраз қиындақтар туындады .Жалпы оқушылар эссе жазу әдіс-тәсілдерін  игеріп алды, білімдері жинақталды. Қорытынды аттестаттау   дайындау нәтижесі бойынша білім сапа   65% -пән мұғалімі Г.Б.Арғынбаева.


Эссе екі бағамен бағаланады, барлық балдардың жиынтығы-10.

Орыс тілі пәнінен   3 рет эссе алынды ,  орташа білім сапа-61%. Дайындық барысында эссе жазу кезінде   жіберілген  кемшіліктер: тақырып толық ашылмаған, стилистиканы   дұрыс қолданбаған , леп белгілерін  дұрыс пайдаланбаған. Қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша  білім сапа 58%, пән  мұғалімі С.В.Маслова.


Математика пәнінен  сынама жазбаша емтихандар 3 рет өткізілді. Бақылау жұмыстары 6   тапсырмадан құрылған (3А+2В+1С).

 Математика пәнінен емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

Жыл басында алынған   бақылау жұмыстарының білім сапасы 40%   көрсетсе, екінші тоқсан аяғындағы   бақылау жұмысының   білім сапасы 45% көрсетті. Пән мұғалімдері оқушылармен   дайындық барысында логикалық есептер шығару кезінде  тиімді жолдарын үйретті. Қорытынды аттестаттауға дайындық  нәтижесі бойынша қазақ сыныптарында  білім сапа   55% , пән мұғалімі Г.Сабатарова ,орыс сыныптарындағы білім сапа  45%-ды көрсетті, пән мұғалімі Г.Р.Кадырова.


Қазақстан тарихынан әр сұраққа ең жоғары -10 балл,базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл, жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл.

Қазақстан тарихынан қазақ сыныптарында ауызша сынама емтихандар 4 рет өткізілді ( 30 билет, 3 сұрақтан).Білім сапа -55%.Емтихандардың нәтижесі бойынша  оқушылармен талдау жұмыстары жүргізілді, дұрыс жауаптары талқыланды.  

Қорытынды аттестаттау нәтижесі білім сапа  66%. Пән мұғалімі Г.А.Мыңжасарова .

Орыс сыныптарында да сынама  ауызша емтихан 3 рет жүргізілді , білім сапа-50%.Төмен баға алған оқушылармен жеке жұмыстар ,қосымша  сабақтарда өткен тақырыптармен қайталау жүргізілді, пән мұғалімі Г.А.Мустапаева.

Таңдау пәндерінің  нәтижелері: 

Биология пәнінен орыс сыныптарында  4 рет сынама тесттілеу алынды, білім сапа-55% , 13 оқушы осы пәнді таңдаған.  Сынама тесттер бойынша  берілген тапсырмаларда  оқушыларға 2-3  дұрыс жауап   таңдаған қиындық тұғызды . Оқушылармен 6-9 сыныптардағы  тақырыптар бойынша қайталау сабақтары  және де   тематикалық тапсырмалармен   жұмыстар жүргізілді. Пән мұғалімі Н.А.Шепеленко

Биология пәні бойынша қазақ сыныптарында сынама тесттілеу 3 рет өткізілді, орташа  білім сапа-60%.  Аталған пәнді 22 оқушы таңдады.Школьникам көбінесе қиындық тұғызатын сұрақтар:

жалпы биологиядан жасушаның құрылысы ,жер тарихынын шежіресі,тірі ағзалардың тіршілік ету формалары. Жіберілген қателер бойынша  талдау жасалып, жеке тапсырмалар берілді, пән мұғалімі Б.Б.,Байтабаева


Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен сынама тесттілеу 4 рет жүргізілді, білім сапа-65%.Пән мұғалімдері тарапынан   үш блокқа бөлінген 40 сұрақтан тұратын тест   құрастырып ,яғни аталған тест бойынша дайындық  жұмыстары  оқушылармен    жоғары деңгейде  жүргізілген.  Пән мұғалімдері Ж.Т.Бірімкулова , Р.М.Бабасова.


 Қазақ   сыныптарындағы орыс тілі пәнінен сынама тесттілеу 3 рет жүргізілді, білім сапа-55%.Пән мұғалімі өз  тарапынан    үш блокқа бөлінген 40 сұрақтан тұратын тест   құрастырып , аталған тест  бойынша дайындық  жұмыстары   оқушылармен   үнемі.Пән мұғалімі Төребаев Т.Н.


Физика пәнін  таңдаған 9 оқушы, сынама тесттілеу 4 рет өткізілді , бірінші сынама тесттің білім сапасы 40% көрсетті , кейінгі  сынама тестердің  білім сапасы 55%-ға көтерілді.. Дайындық жұмыстар дұрыс жүргізілді. Пән мұғалімі   С.М.Абдрахманова


География  пәнін  таңдаған 16 оқушы, сынама тесттілеу 4 рет өткізілді , бірінші сынама тесттің білім сапасы 45% көрсетті , кейінгі  сынама тестердің  білім сапасы 55%-ға көтерілді.. Дайындық жұмыстар дұрыс жүргізілді. Пән мұғалімі  Т.В.Комплешева


Қорытынды: Қорытынды   аттесаттаудың нәтижесі   жақсы   нәтижеге  жетудің  ең   негізгі  жолы - оқушы  белсенділігі. Пән мұғалімдері әр эсседен,   сынама тесттен кейін оқушылардың жіберген қателіктерімен жұмыс жасап, сұрақтарды талдайды. Оқушы мұндай жағдайда өзінің мүмкіндіктерін, қол жеткен табыстарын өзгелермен  салыстыра отырып, саралап, белсенділіктері артып, алға  ұмтыла  түсері   сөзсіз. Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда оқушы, мұғалім, ата-ана үштігі бірлесіп  жұмыс   атқарса  нәтижелі  болады.

Ұсыныс:

1.  «Орта ,техникалық және кәсіптік, орта біліммен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды ,оларды аралық және қорытынды аттестатауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық басшылыққа алынсын;

2. 2019-2020 оқу жылына арналған  мемлекеттік Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сай жұмыстары жүргізілсін;

3. Пән мұғалімдерінің   Қорытынды аттестаттау бойынша   дайындық жұмыстары күшейтілсін.