Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
Сабақ тақырыбы:Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы Мақсаты: Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы мәлімет беру.
Міндеті: 1) білімділік: Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы, экономиканың соғыс жағдайына бейімделіп құрылуы, қорғаған қазақстандық батырлар туралы мағлұмат беру.
2) тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, ынтымақтастыққа және қазақстандық батырлар ерліктерін құрметтеу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3) дамытушылық: Школьникам Отан соғысына қатысты сюжетті тарихи фактілер арқылы ой өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап т.б
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І тапсырма
1. Қазақ ұлттық театры қай жылы құрылды? – 1926 жыл қаңтар
2. Қазақ ұлттық театры қайда құрылды? – Қызылорда
3. Қазақ ұлттық театрын кім басқарды? – Жұмат Шанин 4.Алғашқы прьемералар қандай спектакль? - М.Әуезов «Еңлік - Кебек»
5. КСРО халық артисі кімдер? –Ш.Айманов, С.Майқанова
6. Қай жерде қандай театр ашылды? – 1933 жылы қыркүйекте Республикалық орыс драма театры ашылды. 1933 жылы Алматыда ұйғыр музыкалық драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры, Шымкентте өзбек, Петропавлда татар театры ашылды.
ІІ тапсырма Драматургия өнері туралы кестені толтыр:
Р/с | Жазушылар | Пьесалар |
1 | М.Әуезов | «Еңлік - Кебек», «Айман - Шолпан» |
2 | Б.Майлин | «Жалбыр» |
3 | Ғ.Мүсірепов | «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» |
4 | С.Мұқанов | «Күрес күндерінде» |
5 | Ж.Аймауытов | «Мансапқорлар» |
6 | С.Сейфуллин | «Қызыл сұңқарлар» |
ІІІ тапсырма
Музыка
1) А.Затаевич кім? 2) Ә.Қашаубаев кім? 3) А.Жұбанов кім?
IV тапсырма
Кино өнері
1)Ұлттық кино өнерінің алғашқы туындысы?
«Аманкелді» көркем фильмі
2) Қай жылы қандай кино студияда шығарылды
(Ленфильм киностудиясы 1938)
V тапсырма Бейнелеу өнері
Р/с | Суретшілер | Туындылары |
1 | Әбілхан Қастеев | «Ескі және жаңа тұрмыс» |
2 | П.Г.Хлудов | «Байдың қоныс аударуы» |
Құпия сан: 1941-1945 жылдар
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары: 1.Қазақстанның соғысқа қатысуы
2. Экономиканы соғыс жағдайына икемдеп қайта құру.
3. Тыл еңбеккерлерінің ерлігі.
Бейнебаян« Ұлы Отан соғысы»
-Ұлы Отан соғысы қашан,қай елдердің арасында болды?
-Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл қанша жыл?
Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.
Оқушылар формативті бағаланады.
Тапсырмалар
: 1. 1 топ:Қазақстанның соғысқа қатысуы
2 топ: Экономиканы соғыс жағдайына икемдеп қайта құру.
3топ: Тыл еңбеккерлерінің ерлігі.
Әр топ берілген тапсырма бойынша постер қорғайды.
2. Ажырату.
«Сіз
кімсіз?» ойыны
Сіз — Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келдіңіз. Сіз 1930-1956 жылда әскер сапында болдыңыз. Ал соңғы кезде Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивиязиясының командирі болдыңыз. Москва үшін шайқастыңыз, 207 рет ұрысқа кірдіңіз. Сіздің қанатты сөздеріңіз өте көп. Сонымен қатар Мәскеудегі әскери академиясын тұңғыш бітірген қазақсыз.
(Б. Момышұлы)
Сіз өртке оранған өз ұшағыңызды жау танкілерінің
шоғырына құлаттыңыз. Кеңес Одағының Батырысыз, Қарағандылықсыз. (Нүркен Әбдіров)
Сізге Алматы жастары 1943 жылы желтоқсанда өз
ақшаларына жаңа ұшақ жасатып табыс етті. Сіз соғыста әуе шайқасында жаудың 37
самолетін жойдыңыз, атып түсірдіңіз. (С.Луганский)
Сіз қолыңызға гранат алып, танк астына түстіңіз,
ерлік жасадыңыз, Кеңес Одағының батырысыз. (Әбу Досмұхаметов)
«Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінемін» (Мәншүк Мәметова)
Сіз Сталинград
түбінде шайқастыңыз, жау дзотын өз кеудеңізбен жауып Матросовтың ерлігін
қайталадыңыз. (Сұлтан Баймағанбетов)
II-дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылы оныншы тамызда капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған аты аңызға айналған ұшқышсыз. (Янко)
1924 ж. 19 қазанда
Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.
1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь
майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша
және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.
Лейтенант Берлин операциясы кезінде асқан ерлік
көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан
Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. (Рақымжан Қошқарбаев)
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->
3.Портреттер сөйлейді. (портреттермен, қанатты сөздермен жұмыс)
ҰОС қатысқан батырлардың портреттері немесе есімдері аталады. Оқушылар оны кім екенің, соғыста қандай шайқастарға қатысып, қандай ерлік жасағандарын толық сипаттау керек
Б. Момышұлы портреті (слайд)
Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келген. 1930-1956 жылда әскер сапында болған. Ал соңғы кезде Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының командирі болды. Москва үшін шайқасты, 207 рет ұрысқа кірді. Б.Момышұлының қанатты сөздері өте көп. Сонымен қатар Мәскеудегі әскери академиясын тұңғыш бітірген қазақ
Әлия Молдағұлова портреті (слайд)
Кеңес Одағының Батыры, мерген, снайпер, ефрейтор, Мәскеудегі шайқаста қатысқан, жаудың 78 әскерін жойды
Нүркен Әбдіров портреті (слайд)
Ол өртке оранған өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатқан. Кеңес Одағының Батыры, Қарағандылық.
Иван Кожедуб портреті
Шымкенттегі әскери авиация әуе училищесінің түлегі, ұшқыш, 3 мәрте Кеңес Одағының батыры атағына ие болған, 1920-1991 жылдар аралығында өмір сүрген, жалғыз өзі жаудың 64 ұшағын атып құлатқан.
Сұлтан Баймағанбетов
Ленинград түбінде шайқасқан, жау дзотын өз кеудесімен жауып, жанын пида еткен, А. Матросовтың ерлігін қайталаған батыр.
«Майданға жіберетін ағам
да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінемін» деген Кім? (Мәншүк Мәметова)
4. Кесте толтыру:
5. Сәйкестендіру:
6. Сабақты бекіту: Викториналық сұрақтар