1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні
30
ноябрь
2021

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні


Қонаев ауылы, Төле би атындағы орта мектебінде, 2021 жылдың қараша айының 29 жұлдызында,  1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай,  «Елбасы – ел тірегі» атты тақырыбында мектептің  белсенді, оқуда озат оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданып, қабылданған оқушыларға арнайы төсбелгі мен сертификаттар тапсырылды. Іс-шара "Елбасы күні-елдікке құрмет мерекесі" атты мерекелік концертпен жалғасын тапты. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Тұңғыш Президент күні мерекесі елімізде 2012 жылдан бері кең көлемде тойланып келеді. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш күн Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 
Ендеше, мерекелеріңіз құтты болсын, Қазақ Елі!