"Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе " » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » "Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "
17
декабрь
2018

"Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "

Шу ауданы әкімдігінің білім   бөлімінің  жоспарына сәйкес 
Төле би  атындағы  шағын  орталықты  орта   мектебінің базасында "Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "тақырыбында   химия және биология  пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Жаңартылған бағдарлама бойынша жаратылыстану  бағыттағы пәндерді оқытудағы өзекті мәселелерді талқылау, өзара тәжірибе алмасу, құнды  ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға  әдістемелік көмек беру.
 Семинарға 39 мұғалім қатысты. Семинарды   аудандық білім бөлімінің химия, биология пәндерінің әдіскері Аметқызы Сержанкүл  ашты. Әдіскер келген қонақтарды семинар-практикумның жоспарымен таныстырып, мұғалімдердің   жұмыстарына сәттілік тіледі.
Семинар барысында Төле би(а) шағын орталықты орта мектебінің химия пәні мұғалімі Самсонов С.И. 8 «б»сынып оқушыларымен "Горение топлива и выделение энергии в химических реакциях" және биология пәні мұғалімі Василевская Л.М. 7 «в» сынып оқушыларымен «Строение и функции листа» тақырыпта сабақ өткізді. Сабақ  өте    жоғары  деңгейде өтті.
Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің биология пәні мұғалімі Мұқанова Р. 8«а» сынып оқушыларымен «Тістің құрылысы мен қызметі» тақырыбында  сабақ өтті.
Х.Дулати  атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні мұғалімі Абуева Л.Т. «Сабақты зерттеу мен іс-әрекеттегі зерттеудің ерекшеліктері» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингке пән мұғалімдері қатысты.
  С.Сейфуллин  атындағы шағын орталықты орта мектебінің биология пәні мұғалімі Кенжебекова М.Л. «БЖБ және ТЖБ жасаудың жолдары» тақырыбында пән мұғалімдердің қатысуымен шебер-сынып өткізді. Мүғалімдер  қызығушылық танытып, шебер-сыныпқа белсене қатысып, БЖБ және ТЖБ жасаудың жолдарымен танысты.  Өткізілген сабақтар мен іс-шаралардың бәріне жоғары баға берілді. Соңында семинарға қатысушыларға мектеп оқушыларының дайындаған шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Аудандық  білім бөлімінің химия, биология пәндерінің әдіскері Аметқызы С. қорытындылай келе келген қонақтар мен қатысушылардың  семинар өте жоғары деңгейде өткізілді деген пікірлерін  айтты және осындай семинарлар көп болса деген ұсыныс білдірді.

"Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "

 

"Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "

 

"Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "

 

"Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "

 

"Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "

 

"Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "

 

"Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе "