Психологиялық кеңес беру айлығы
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі
2018-2019 оқу жылы
Психологиялық кеңес беру айлығының жүргізілген жұмыстарының
Мәліметі
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің оқу әдістемелік кабинетінің 29.01.2019 жылдың хатына сәйкес мектепте психологиялық кеңес беру айлығының жоспары құрылып, бекітілді.
Мақсаты: психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру.
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде 4 ақпан күні «Мейірімді жүрек- жылы тілек» тақырыбында психологиялық апталықтың ашылу салтанатына 8-9 қазақ, орыс сынып оқушылары арасында флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа 45 оқушы қатысты.
5 ақпан күні 8-ші сынып оқушыларымен жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алуда психопрофилактикалық жұмыстарды жетілдіру мақсатында «Мен өмірді сүйемін» тренингі өткізілді.
Тренингтің мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.
6 ақпан күні 10 сынып оқушыларымен жеткіншек жастағы оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі қақтығыстардың туындау себептерін және психикалық ауытқушылыққа бейім балаларды анықтау үшін психодиагностика жүргізу үшін сауалнама алынды.Алынған сауалнаманың қорытындысы жасалды.
7 ақпан күні 8-10 сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру айлығы болып жатқанын хабардар етіп «Баршаға бақыт тілейміз» 5-7 сынып оқушыларымен «Отбасым алтын діңгегім» 3-4 сынып оқушыларымен «Мен өз отбасыммен» тақырыптарында эссе жазылатыны туралы айтылды.
Эссені үздік жазған оқушылар саны 3-4 сыныптан - 28 оқушы, 5-7 сыныптан – 32 оқушы, 8-10 сыныптан- 24 оқушы. Барлығы-84.
11 ақпан күні 5-7 сынып оқушыларымен «Ашу дұшпан –ақыл дос», «Жақсы көңіл-күйге шақырамыз» тақытыптарында әлеуметтік психологиялық тренингтер жүргізілді




