сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2020 жылдың 10 қыркүйек күні
онлайн форматында жалпы мектепішілік кезектен тыс ата аналар жиналысы өтті
Мектеп директоры М.Т.Султанова ата-аналар жиналысын ашып, ата-аналар жиналысының өткізіліп отырған себебін түсіндірді, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 21.09.2020 жылғы №01-4091 хатына сәйкес ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29 тармағын орындау мақсатында, COVID-19 короновирустық инфекциясының таралауы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны жұмсау бойынша есеп беру екендігін мәлімдеді.
Мектеп директоры М.Т.Султанова COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан мектебімізге санитайзер -21шт – 5280 тг, Кварц. лампа- 2х30000 – 60000 тг, тепловизор -20 000 тг., санитарный коврик – 20000тенгеге берілгендігін, сонымен қатар мектебіміздегі 82 аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан, және 2 қамқорлықтағы оқушыларға 37 роутер-517630теңгеге, 10 планшет – 820000 теңгеге, 10 моноблок – 199000 теңгеге берілгендігін, ал мектеп тарапынан 67 компьютер, 22 ноутбук уақытша пайдалануға берілгендігін айтып кетті.
Мектеп директоры жиналыс барысында короновирустық инфекцияның таралу қауіпінің алдын алу бойынша санитарлық-дезинфекциялық талаптардың қатаң сақталуы қажет екендігіне де тоқталып ата-аналарға түсіндіріп кетті.