Жаратылыстану пәндері ӘБ 2022-2023 оқу жылы атқарған жұмыстарының есебі » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану пәндері ӘБ 2022-2023 оқу жылы атқарған жұмыстарының есебі
05
июнь
2023

Жаратылыстану пәндері ӘБ 2022-2023 оқу жылы атқарған жұмыстарының есебі

   

ӘБ тақырыбы:   Жаратылыстану пәндерінің сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

Мақсаты: Мұғалімдердің ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденістерін жетілдіру. 

Күтілетін нәтиже: Жаратылыстану пәндері сабақтарында оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту дағдыларын жетілдіретін моделі ұсынылады.

Міндеттері:

- Жаратылыстану пәндері сабақтарында  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін меңгеру, жүйелеу және таңдау тәжірибесінің ұсынымын жасау.

- Жаратылыстану пәндері сабақтарында   оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін  тиімді жолдарын ұсыну.

- Жаратылыстану пәндері сабақтарында  сабақтарында  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін  тиімді қолдану бойынша коучингтер, шеберлік сыныптарын, тренингтер өткізу.

-Шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге арналған ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар шеруін өткізу.

- Жаратылыстану пәндері сабақтарында  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Сабақты зерттеу» (LS) өткізу.

-Жаратылыстану пәндері сабақтарында Мемлекеттік білім беру стандартының орындалу деңгейін айқындау.

- Жаратылыстану пәндерінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу.

- Үлгерімі төмен  және үлгермеуші оқушылармен  жұмыс жүргізу.

Бірлестіқ өз жұмысын ҚР жалпы мектепке арналған «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық) бұйрығын басшылыққа ала отырып, оқушының білім сапасының және оқу үлгерімінің артуына сәйкес жұмыс атқаруда.

 мұғалімдері ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы анықтаған оқулықтар қолдануда.

    Жаратылыстану  пәні мұғалімдерінің саны-13, оның жоғары білімдісі -13, педагог-шебер-1, педагог-зерттеуші-1, педагог-сарапшы-6, модератор-2,  санаты жоқ мұғалімдер саны-3. 

Жыл басынан бері  өткізіліп жатқан түрлі іс-шараларға ӘБ мұғалімдері белсене қатысуда.

    Жаңа оқу жылының басында  бірлестік отырысы болып   бір жылдық жоспар бекітілді, барлық мұғалімдердің күнтізбелік жоспары оқу бағдарламасына  сай жасалып бекітілген. 

Қорытынды аттестаттауға, дайындық жұмыстары құрылған жоспар бойынша жүргізілуде.

   2022-2023 оқу жылында  ӘБ мұғалімдері көптеген жетістіктерге қол жеткізді:

Химия пәні мұғалімі Абуева Л.Т. 

 Өз білімін жетілдіру мақсатымен  «Өрлеу» БАО АҚ ұйымдастырған «Химия пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9 сынптардың қиын тақырыптары» тақырыбында өткізілген курсқа қатысып, Сертификатын алды.

 Оқушылар арасындағы өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша XV Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңіне дайындап қатыстырған 11 «б» сынып оқушысы Гусев Сергей жүлделі ІІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Химия пәні мұғалімі Құмгелдиева Ж.Қ.  

Өз білімін жетілдіру мақсатымен  «Өрлеу» БАО АҚ ұйымдастырған «Химия пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9 сынптардың қиын тақырыптары» тақырыбында өткізілген курсқа қатысып, Сертификатын алды.

    «Педстарт-22»  Республикал педагогтарының әдістеме мен өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен өткізілген   байқауда «кәсібилігі мен шығармашылық жұмыстармен үздік деп танылғаны үшін» ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.             

Оқушылар арасындағы өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадаға дайындап қатыстырған 10«а» сынып оқушысы Жаңбырбай Лазира жүлделі ІІІ  орынды иеленіп  Дипломмен марапатталды жетекшісі – пән мұғалімі Құмгелдиева Ж.Қ.

Оқушыларға  арналған «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Ақбота» олимпиаданың I дәрежелі дипломымен 9 «а» сынып оқушысы Бақберген Толғанай марапатталды, жетекшісі – пән мұғалімі Құмгелдиева Ж.Қ.

Биология пәні мұғалімі Василевская Л.М

Оқушылар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасындағы өткізілген аудандық  олимпиадаға дайындап қатыстырған  11 «б» сынып оқушысы Бороздина Ольга жүлделі ІІІ  орынды иеленіп  Дипломмен марапатталды.

   Биология пәні мұғалімі Шепеленко Н.А. 

Оқушыларға  арналған «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Ақбота» олимпиаданың IІ дәрежелі Дипломымен 9«д» сынып оқушылары Фазлиева Махпиле, Шабанова Шайзер,  7«г» сынып оқушысы  Уалиханов Санжар марапатталды, жетекшісі – пән мұғалімі Шепеленко Н.А.

    Оқушыларға  арналған «KIO» Қазақстан интернет  олимпиаданың IІІ дәрежелі Дипломымен 9«д» сынып оқушылары Фазлиева Махпиле, ІІ дәрежелі Дипломымен 7«г» сынып оқушысы  Сабитова Дарина марапатталды, жетекшісі – пән мұғалімі Шепеленко Н.А.

Биология пәні мұғалімі Кошкинбаева Л.Т. 

«Педстарт-22»  Республикалық педагогтарының әдістеме мен өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен өткізілген  байқауда «кәсібилігі мен шығармашылық жұмыстармен үздік деп танылғаны үшін» ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.             

    «KEMENGER USTAZ.KZ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына материал жариялағаны үшін Алғыс хатпен, Сертификатпен марапатталды.

   Аудандық жалпы пәндер бойынша олимпиадаға қатысып,  «Жас биолог» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған 11«а» сынып оқушысы Әлімбай Руслан марапатталды., жетекшісі – пән мұғалімі Кошкинбаева Л.Т.

Оқушыларға  арналған «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Ақбота» олимпиаданың І және ІІ дәрежелі Дипломымен 9«а» сынып оқушылары Тимахан Іңкәр, Дүйсембай Фариза марапатталды, жетекшісі – пән мұғалімі Кошкинбаева Л.Т..

 Биология пәні мұғалімі Именова З.А.

«Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды бағалау және қолдау» тақырыбында өткізілген  аудандық семинарда сабақ көрсетіп Алғыс хатпен марпатталды.

   «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына материал жариялағаны үшін Сертификат берілді.

   «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған онлайн олмпиадаға қатысқаны үшін 8«а» сынып оқушысы Рыстай Әдеміге Сертификат берілді, жетекшісі -  пән мұғалімі   Именова З.А.

   Биология пәні мүғалімі Бахбергенова Г.М.

«Darin.onlin» платформасының ұйымдастыруымен өткізілген олимпиадаға қатысып,  І Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Шу ауданы білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Педагогтерге арналған «NIO» Қазақстан интернет  олимпиаданың IІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.

География пәні мұғалімі Омарова И.Б.

«KEMENGER USTAZ.KZ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына материал жариялағаны үшін Алғыс хатпен, Сертификатпен марапатталды.

«Жаратылыстану» пәні бойынша «Үздік ашық сабақ» байқауына қатысып, ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«География пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың  тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында онлайн семинарда өз тәжірибесімен бөліскен үшін Серификатпен  марапатталды.

Оқушыларға  арналған «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Ақбота» олимпиаданың І және ІІ дәрежелі Дипломымен 10«а» сынып оқушылары Мұрат Айелун, 9«ә»Тимахан Іңкәр, 9«а»  Тоқтар Динара марапатталды, жетекшісі – пән мұғалімі Омарова И.Б.

   География пәні мұғалімі Комплешева Т.В.

«KEMENGER USTAZ.KZ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына материал жариялағаны үшін Алғыс хатпен, Сертификатпен марапатталды.

Өз білімін жетілдіру мақсатымен  «Өрлеу» БАО АҚ ұйымдастырған «7-9 сынптарда география пәні бойынша педагогтердің пәнділік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында өткізілген курсқа қатысып, Сертификатын алды.

Оқушыларға  арналған «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Ақбота» олимпиаданың  ІІ дәрежелі Дипломымен 9«д» сынып оқушылары Фазлиева Махпиле, Шабанова Шайзер, 10«а» сынып оқушысы Кадырова Зюляль, 6«в» сынып оқушысы Мутафаева Минара І Дәрежелі Дипломмен марапатталды, жетекшісі – пән мұғалімі Комплешева Т.В.

География пәні мұғалімі Бауыржан Н.Б.

Өз білімін жетілдіру мақсатымен  «Өрлеу» БАО АҚ ұйымдастырған «Химия пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9 сыныптардың қиын тақырыптары» тақырыбында өткізілген курсқа қатысып, Сертификатын алды.

Оқушыларға  арналған «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Ақбота» олимпиаданың І  дәрежелі Дипломымен 5 «а» сынып оқушысы Әділханқожа Ханифа марапатталды.

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атанған Сағындық Ермұрат Дипломмен марапатталды, дайындаған - пән мұғалімі Бауыржан Н.Б.

     Физика пәні мұғалімі Абдрахманова С.М.

Оқушыларға  арналған «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Ақбота» олимпиаданың І  дәрежелі Дипломымен 9 «ә» сынып оқушысы Бақберген Толғанай марапатталды.