Д.Қонаев атындағы орта мектебі Қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығы 2022-23 оқу жылы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Д.Қонаев атындағы орта мектебі Қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығы 2022-23 оқу жылы
06
январь
2023

Д.Қонаев атындағы орта мектебі Қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығы 2022-23 оқу жылы


Д.Қонаев атындағы орта мектебі
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығы
2022-23 оқу жылы

Д.Қонаев атындағы орта мектебінде қоғамдық пәндер айлығы барысында Тарих пәні мұғалімі :Қиғамбек Н.Т жетекшілік етуімен 8-9 сыныптар арасында дебат өткізілді.
Дебат ««Жаңа Қазақстандағы –жаңа мүмкіндік»» ой-бөліс сайыс сағаты
Мақсаты:Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
-Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
-Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
-Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
-Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
-«Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында ой қозғату;
-Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;
Түрі: Дебат (пікірсайыс)
Әдісі: Сұрақ-жауап,ситуация туғызу ,нақты дәлелдер келтіру.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты бейне материал («Хабар» арнасынан үзінді сюжет)
Өту барысы :
Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді..Жастар ел дамуының негізгі күші.Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес,ол ел болашағы.Жастарға ешуақытта біреуге иек артып мемлекетке қарап алақан жайып жүру жарасқан емес.Мемлекет тек өз шағында жұмысын атқарып зейнетке шыққан қарияларғажұмыс істей алмайтын мүгедектерге ғана көмектеседі.Ал он екі мүшесі сау ойлай алатын еңбек ете алатын құрыштай мықты жастар өз еңбектерімен жолын тауып,бала-шағаларын асырап,елінің өркендеуіне еңбек етуі тиіс.Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес,мен еліме,жұртыма мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс.Сонда біз өркендейміз.
Бұл пікірталасқа 8-9 сынып оқушыларынан құралған жақтаушы тобы және даттаушы тобы қатысады.
Жақтаушы тобы
Қарары: ««Жаңа Қазақстандағы –жаңа мүмкіндік»» жастар қанатының сьезі –барлық қазақстандық жастар үшін ерекше маңызды оқиға.
Топ спикерлеріне қойылатын талаптар:
1.Дебат ережесін сақтау
2.Тақырыптан ауытқымау.
3.Сөйлеу шеберлігі
4.Жоғары мәдениеттілік
5.Өзіндік айқын көзқарастың болуы
Пікірталас ойын шарттары
1.Әр топ өзін таныстыру.
2.Екі топ өз ойларын ортаға салады
3.Регламент сақтау
4.Екі топ өзара сұрақ алмасады
5.Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары