Зұбайділда Н.Е. » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
03
февраль
2022

Зұбайділда Н.Е.

Ұзақ мерзімді жоспар  бөлімі:
Айналу денелері және оның  элементтері
Мектеп: Төле би атындағы орта мектеп 
Педагогтің аты-жөні:Зүбайділдә Нұрсұлтан Ерғазыұлы
Күні: 2.02.2022ж
Сыныбы: 11 АҚатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары 
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты11.1.8-конустың анықтамасын, оның элементтерін білу, конусты жазықтықта кескіндей алу;
11.3.6-конустың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.5-айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;
11.1.11-көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;
Сабақтың мақсаты:-Конустың анықтамасын оның элементтерін біледі
-конустың бүйір және  толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығарады 
-көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алады
Бағалау критерийлеріü  Конустың элементтерін дұрыс белгілей алады;
ü  Конустың жазбасын дұрыс орындай алады;
ü  Конустың  бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табу формуласын есеп шығару барысында дұрыс қолданады;
Құндылықтарға баулуОқушыларды  патриоттыққа, бірлікке, татулыққа, сыйластыққа баулый отыра ұжымдасып жұмыс істеуге қалыптастыру;
Сабақ кезеңі/УақытыПедагогтің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіБағалауРесурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
мин
Ұйымдастыру:
оқушылармен сәлемдесу, сыныптағы қажеттілікті түгелдеу. Жәнеде бүгінгі сабақтың мақсатын қысқаша айтып өтемін.
Оқушыларды топка бөлу 
Пирамида, целиндр, призма, конус 
. Үй тапсырмасын тексеру. №332 
«Өзінді тексер» әдісі  арқылы     оқушылар өздері интерактивті тақтадан дұрыс жауапқа қарап  тексереді.     Үй  жұмысының  дұрыс     жауаптарын  интерактивті  тақтада көрсетемін.
«кілтті сөздер»әдісі бойынша 4-топқа арналған (пирамида, целиндр, призма, конус)  кеспе парақтарын таңдап алады. Парақта жазылған тақырыптарға сәйкес оқушылар топқа бөлінеді.
Үй жұмыстың шешімі тақтада көрсетіледі, оқушы өзінің қателерін анықтайды.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде  белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
Оқушылар дәптерлеріне әр есептің тұсына (-;+) арқылы өзін-өзі бағалайды.
Түрлі түсті кеспе қағаздар
Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
Ұжымдық жұмыс.
5 мин.
Оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу;
Бұл жерде оқушыларға өткен тақырыптардан сұрақ қойып, өткенді қайталаймын.
Сұрақтар:
  1. Цилиндр дегеніміз не?
  2. Цилиндрдің осі дегеніміз не?
  3. Цилиндірдің осьтік қимасы дегеніміз не? 
  4. Цилиндрдің жазбасы дегеніміз не? 
  5. Цилиндрдің бүйір және толық бетінің ауданы?
  6. Конус дегеніміз не?
  7. Конустың жазықтықпен қималары?
  8. Конустың жазбасы дегеніміз не?
  9. Конустың бүйір және толық бетінің ауданы?
Оқушылар сұраққа жауап береді.
 Мақсаты:
Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту. 
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға  сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Дескриптор:
Бағалау
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  
ДК экраны
Сұрақтар топтамасы.
Слайд
Сабақтың ортасы
10 мин.
Жеке жұмыс.
Жаңа тақырып.  
Geogebra программасымен конус сызбасын түсіндіремін. 
Schoolchildren жасаушысы бойынша конустың бүйір бетінің жазбасын ұсынамын.
Schoolchildren сұрақтар:
  • Мынау сектордың конусқа не қатысы бар?
  • Оның ауданын қалай табамыз?
  • Конустың толық бетінің ауданын қалай табамыз? 
Жауаптардан қорытынды жасап конустың  бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табу формулаларын жазамын
  • Sбб = πRl
  • Sтб= Sбб + Sоаб
  • Sтб = πRl + π R2
  • Sтб = π R(R+l)
Есеп шығару:
  1. Сызбада ОВ=3, КВ=5 болса, конустың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табыңдар: 
Жаңа тақырыпты меңгереді, формулаларын естерінде сақтап, есеп шығаруда колданады.
Түсінбеген тапсырмаларды бір-  біріне түсіндіреді.
Берілген тапсырма бойынша  өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.
 өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  
.
ДК экраны
Слайд
Geogebra программасы 
Жеке жұмыс 
5 мин.
  • Сызбада ОВ=5, КО=12 болса, конустың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табыңдар: 
Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.
Берілген тапсырма бойынша есепті орындайдыДескриптор: 
  1. Бүйір бетінің ауданын табады.
  2. Табанының ауданын табады
  3. Толық бетінің ауданын табады.
Әрбір дұрыс жауапка балл қойылады
ДК экраны
              Слайд 
Топтық жұмыс 
10 мин.
Пирамида мен призма тобына: Конустың жасаушысы табан жазықтығымен 60 градус бурыш жасаса, ал радиусы 3см ге тең болса, бүйір және толық бетінің аудандарын тап 
Целиндр мен конус тобына № 344 (ә) Конустың жасаушысы табан жазықтығымен 45 градус бурыш жасаса, ал , биіктігі 4см ге тең болса, бүйір және толық бетінің аудандарын тап
Осы есептерді топтарға беріп A3 қағазға орындатамын. 
Берілген тапсырма бойынша  өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, жуптык талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп постерді толтырады. «Мен саған, сен маған» арқылы топтар бір-бірінің тапсырмасын тексереді.Дескриптор: 
  1. Бүйір бетінің ауданын табады.
  2. Табанының ауданын табады
  3. Толық бетінің ауданын табады.
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1-балл қойылады
.
ДК экраны 
Слайд
Жұптық жұмыс 
5 мин
Тест тапсырмасы беріледі. Тестте жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар болады. Жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін және қандай қателіктер барын осы тесті тексеріп, келесі сабаққа мақсат құрамын. Оқушылар тестті орындайды. Тесттен өздерінің бүгінгі сабақтан түсінгендерін немесе түсінбеген тұстарын жазады. «Мен саған, сен маған» арқылы көршілес жұптар бірінің жұмысын бірі жауап парағымен тексередіТесттегі  әрбәр дұрыс жауап үшін 1-балл қойылады.           Слайд
Сабақтың соңы.
Ой толғаныс.
Рефлексия
5 мин.
Үйге тапсырма: № 348
«Төрт сөйлем» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.
Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін төрт сөйлем арқылы тұжырымдайды.
Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.
Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады. 
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.
Дескриптор:
Төрт сөйлем әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды.
Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай  «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.
ДК экраны
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
 
 
 
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Қажеттілігіне қарай тапсырмалар беремін.
 Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.
10-баллдык жүйе бойынша багалау  Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу тұруына назар аудару.
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1: 
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2: