Абдрахманова С.М. » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
25
January
2022

Абдрахманова С.М.

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
Білім беру ұйымының атауы
Пәні:Физика 
Бөлім:8.3 А Тұрақты электр тогы
Педагогтің аты-жөні:Абдрахманова С.М
Күні:24.01.22 ж
Сынып: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану
 Сабақтың     мақсатыБарлық оқушылар істей аладыӨткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді
Көптеген оқушылар істей аладыӨткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады
Кейбір оқушылар істей алады: Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі//уақытыПедагогтің әрекетіОқушының әрекетіБағалауРесурстар
Ұйымдастыру
 Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
Сабақтың басы 
10 минут 
Жаңа білім
10минут
Бекіту
15 минут
Feedback
Сабақтың соңы.
10 мин
Бағалау
Үй тапсырмасы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
«Мінсіз шеңбер» әдісі
  1. Электр тогы дегеніміз не?
  2. Қандай құрылғыларды ток көздері деп атайды?
  3. ЭҚК дегеніміз не?
  4. Ток күші деп нені айтады? 
  5. Электр кернеуі деп нені айтады?
  6. Кернеуді қандай құрылғымен өлшейді?
Ой қозғау. Кедергінің физикалық мағынасы қандай?Оқушылар жұпта талқылайды, ал мұғалім оладың назарын бүгінгі сабақтың мақсатына қарай аударады.
I.Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту үшін жұпта тәжірибе жасайды. Ток көзі, амперметр, кілт, шамнан тұратын тізбекке әр түрлі материалдардан жасалған өткізгіштерді жалғаймыз.
 
1) Темірден жасалған өткізгішті қосамыз:
 
Бұл кезде тізбектегі ток күші 3 А ге теӊ болды.
2) Мыстан жасалған өткізгішті қосамыз:
 
Бұл кезде тізбектегі ток күші 1 А ге теӊ болды.
3) Никельден жасалған өткізгішті қосамыз:
 
Бұл кезде тізбектегі ток күші 0,5 А болды.
Бұл тәжірибе бойынша, тізбектегі кернеу тұрақты болған кезінде ток күші тізбекке қосылған өткізгіштіӊ қандай материалдан жасалғанына тәуелді екендігіне көз жеткіздік.
Schoolchildren сұрақ қойылады: Қайсы өткізгіштіӊ токқа көп кедергі жасады?
Жеке жұмыс (I) 
«Кім жылдам» әдісі
Жеке жұмыс (I) Есептер шығару
  1. Ұзындығы 50 м, кедергісі 0,5 Ом болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы неге тең?
  2. Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 болатын никелин никелин өткізгішінен жасалған реостаттың кедергісі 21 Ом болатын болса, оның ұзындығы неге тең?
  3. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 0,85 мммыс өткізгішінің кедергісі неге тең?
  4. Суретте үш түрлі өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелді графиктері берілген. Әр өткізгіштің кедергісін тап.
 
  1. Ұзындығы 2 м, көлденең қимасының ауданы 0,3 мм2 болатын қорғасын өткізгіштегі ток күші 2 А-ге тең болу үшін оған қандай мөлшердегі кернеу түсіру керек?
  2. Ұзындығы 400 м, ұштарындағы кернеуі     5 В, ток күші 0,05 А болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы қандай шамаға ие болуы керек?
 
  ІІ.Сәйкестігін тап.
Физикалық шамаБелгіленуіФормула
Тоқ күшіUq =It
КернеуIA= Uq
ЖұмысAI =q\t
ЗарядqU= A\q
III. Сабақты бекіту. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін кедергі мен меншікті кедергі формуласын қолданып есептер шығарады
1.Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08 мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120 В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді?  .   
Жауабы: 3 А
2.Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымы арқылы 2,25 А ток өтеді және өткізгіштің ұштарындағы кернеу 45 В, сымның ұзындығы неге тең?  Жауабы:  50 м
                                  Жауабы: 1,5 В
Рефлексия: Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Физика және астрономия.8-сынып. 
§38. 18 –жаттығу, 1,2-есеп
Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жауап беру арқылы есіне түсіредіБағалау критерийлері
-Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді
-Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады
-Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Дескриптор:
-Ток көзіне өмірден мысал келтіреді. 
 -Формулаларды түрлендіреді, қорытады.
Дескриптор:
-Өткізгіш кедергісі оның жасалған материалына, ауданына, ұзындығына тәуелді екенін анықтайды.
-Өткізгіш жасалған материалдың тегіне қарай, кернеуі мен ток күші өзгереді.
Жалпы балл-5
Дескриптор:
-Кедергініӊ физикалық мағынасын  біледі;
-Кедергініӊ өлшем бірлігін біледі;
-Өткізгіштіӊ кедергісін анықтайды;
Жалпы балл-2
Дескриптор:
-Ом заңын біледі;
-меншікті кедергі формуласын біледі;
-ток күшін анықтайды;
-сымның ұзындығын анықтайды;
-кернеудің мәнін анықтайды.
Жалпы балл-3
Жалпы бағалау критерийлер бойынша  10 балл
ДК экран
Слайд
ДК экран
Слайд
Ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, шам, әр түрлі материалдан жасалған өткізгіш сымдар.
Оқулық дәптер
Үлестірме қағаздар