«Нашақорлық тауқыметі және алкоголизмнің адам ағзасына әсері» » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Нашақорлық тауқыметі және алкоголизмнің адам ағзасына әсері»
05
December
2023

«Нашақорлық тауқыметі және алкоголизмнің адам ағзасына әсері»

Мектепте нашақорлықтың адам баласына зияндығы туралы түсіндіру мақсатында мектепте 8-10 сынып оқушыларымен жиын өтті.
  Жиынды мектеп директоры М.Т.Султанова ашып, оқушыларға нашақорлықтың бүгінгі таңда өршіп, қоғамға қауіп төндіріп турғаны жайлы ескерді.
 Нашақорлық - бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі. Бүгінгі таңда, есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болады. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есірткіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады. Қоғам дерті дейтініміз- нашақорлықтан емделу өте қиын, бұл жабысқан ауру- жұқпалы ауру, және өте қымбатқа түсеін ауру. себебі,  бағасы- адам өмірі, қираған тағдырлар, орындалмаған армандар -деп, сөзін қорытындылады
Келесі сөз ДТІЖО Р.А.Мамбетоваға берілді, өз сөзінде маскүнемділік дегеніміз не? Отбасы мүшелерінің біреуі ішімдікке жақын болса, отбасында қандай жағдай орнайды? Деген сұрақтарға жауап беруді сұрап, сол сұрақтарды талқылап, маскүнемдіктің зияны туралы қорытындыны оқушылармен бірлесіп шығарды.   
Мектеп медбикесі М.Жасұзақова, балаларға  «Нашақорлық тауқыметі және алкоголизмнің адам  ағзасына әсері» тақырыбында баяндама оқып, өз денсаулықтарын бұзып алMay,  жауапкершілікпен қарауға кеңес берді.
Жиынның қорытындысы ретінде ДҚТІЖО А.Д.Джуаспаева  оқушыларға тақырыптық бейнеролик көруге ұсынды.