«Үздік оқырман отбасы» » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2021

«Үздік оқырман отбасы»

Төле би атындағы орта мектебінде мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен, оқушыларды кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп»  және "Отбасы -мектеп" жобалары аясында  «Үздік оқырман отбасы» байқауы өткізілді. 
Мақсаты: оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа  өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани -тәлім тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне  себеп болу, отбасының қатынаста және ата-аналармен  балалардың бос уақытын  бірге өткізу, олардың  ақпараттық ағартушылығын  ұйымдастыру.
Байқауға  оқушылар отбасыларымен қатысты.Үздік деп танылған екі оқушының жұмысы аудандық байқауға жіберілді. Олар: 8 сынып оқушысы Бакеева Жания, Дулат Исабековтың «Әпке» драмасына және 4 сынып оқушысы Әділханқожа Ханифа, Ыбырай Алтынсаринның «Таза бұлақ» әңгімесіне бейнеролик түсірді.