11
февраль
2022
Ауған алауы жадымызда"






Төле би атындағы орта мектебінде, мектептің 2021-2022 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес Ауған соғысында намысы жоғары, интернационалдық борышын адал өткерген азаматтардың ерлігін насихаттау мақсатында "Ауған алауы жадымызда" тақырыбында 7 сынып оқушыларының қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Қонаққа ауылымызда ауған соғысына қатысқан азаматтарымыз Дүйсембаев Жақсылық Болысбайұлы, Бекиров Юсуф Сейфатович, (Утепов Дулаттың) анасы Клепа Семенқызы шақырылып, елін жерін қорғаған азаматтарымызға арналған кездесу кеші болып өтті. Қонақтарымыз Ауғаныстан жерінде болған оқиғаларымен бөлісіп, болашақ ұрпаққа бейбітшілік өмір тілеп, лебіздерін білдірді.
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.