Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін арттыру жоспарына сәйкес 12 қазан күні Д.Қонаев атындағы орта мектебінде мектеп тренері Р.А.Мамбетованың ұйымдастыруымен "Интербелсенді әдіс -тәсілдер" тақырыбында коучинг өтті.

Коучинг барысында жас мамандарға интербелсенді әдістердің түрлерін көрсетіп ,әр сабақта тиімді әдістерін қолдану барысында оқушылардың оқуға,өз білімдерін саралауға ,таңдауға қызығушылықтары артатындығына тоқталды.Қызықты тапсырманы орындатып,қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі оқытудың әдіс -тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және педагогикалық технологияларды меңгеру керек екендігін атап өтті.Жас мамандар коучингке белсене атсалысты.Осы алған ақпаратты өз сабақтарына жүйелі қолданамыз деп ой бөлісті.