14 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Г.А.Мыңжасарова "Оқушылардың бойындағы зерттеушілік дағдыны дамыту" тақырыбында мектеп мұғалімдерімен өз тәжірибесімен бөлісті » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 14 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Г.А.Мыңжасарова "Оқушылардың бойындағы зерттеушілік дағдыны дамыту" тақырыбында мектеп мұғалімдерімен өз тәжірибесімен бөлісті
14
декабрь
2022

14 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Г.А.Мыңжасарова "Оқушылардың бойындағы зерттеушілік дағдыны дамыту" тақырыбында мектеп мұғалімдерімен өз тәжірибесімен бөлісті

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау да тиімді болса ,екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті,дарындылықты тани білу ,оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс .

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап ,оны сол бағытта жетелеп-ұстаз парызы.

Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде 14 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Г.А.Мыңжасарова "Оқушылардың бойындағы зерттеушілік дағдыны дамыту" тақырыбында мектеп мұғалімдерімен өз тәжірибесімен бөлісті. 

Оқушы зерттеу жұмысымен айналысу үшін зерттеу объектісіне байланысты оның бойында қажетті білім,білік дағды болу керек. Бұл қажетті білім, білік дағдыны оқушы бойына сіңіруге көмектесетін бұл әрине жетекші педагог екенін атап өтті.

Оқушыларды ғылыми жоба конкурстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап көрсетті

1.Тақырыптың ғылыми құндылығын аша білу

2.Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы өз еңбегінің сипаты,қосқан үлесін көрсете білу

3.Ойын ұтымды ,жағымды жеткізе алуы,сөйлеу мәнері ,өзін ұстауы,аудиторияны тартуы.

Соңында Ш.Муртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының ұйымдастыруымен өткізілген 'Туған жердің тасы да ыстық"атты ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы 11сынып оқушысы Ақмолда Ж, өз жұмысын қорғап көрсетті.